HP EliteBook Folio 1040 G2 Notebook PC Bundle Manual de usuario Pagina 87

  • Descarga
  • Añadir a mis manuales
  • Imprimir
  • Pagina
    / 104
  • Tabla de contenidos
  • MARCADORES
  • Valorado. / 5. Basado en revisión del cliente
Vista de pagina 86
1. Пуск (Бастау) > Компьютер тармақтарын таңдаңыз.
2. Тағайындалған қатты дискіні нұқыңыз. Әдетте жергілікті диск (C:) тағайындалған қатты диск
болып табылады.
3. Алдында жазып алған қатты диск жолын пайдаланып, жаңарту файлдары бар қатты дискідегі
қалтаны ашыңыз.
4. .exe кеңейтімі бар файлды (мысалы, filename.exe) екі рет басыңыз.
BIOS орнатылуы басталады.
5. Экрандағы нұсқауларды орындап орнатуды аяқтаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Экранда сәтті орнату туралы хабар пайда болғаннан кейін жүктеп алынған файлды қатты
дискіден жоюға болады.
MultiBoot желісін пайдалану
Жүктеу құрылғыларының реті туралы
Компьютер басталғанда, амалдық жүйе қосылған жүктеу құрылғыларынан жүктеуге кіріседі. Зауытта
қосылған MultiBoot утилитасы амалдық жүйенің жүктеу құрылғысын таңдау ретін басқарады. Жүктеу
құрылғыларының тізіміне оптикалық диск жетектері, дискет жетектері, желілік интерфейс картасы
(NIC), қатты дискілер және USB құрылғылары кіреді. Жүктеу құрылғыларында компьютерді бастау
және дұрыс жұмыс атқаруға қажет жүктелетін медиа немесе файлдар бар.
ЕСКЕРТПЕ: Кейбір жүктеу құрылғылары жүктеу ретіне қосылмас бұрын, оларды Computer Setup
утилитасында іске қосу қажет.
Computer Setup утилитасында жүктеу ретін өзгерту арқылы компьютердің жүктеу құрылғысын іздеу
ретіне де өзгерістерді енгізуге болады. Экранның төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu»
(Қосылу мәзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз,
одан кейін f9 пернесін басыңыз. f9 пернесі басылғанда, ағымдағы жүктеу құрылғыларды көрсететін
мәзір ашылады және жүктеу құрылғысын таңдауға мүмкіндік беріледі. Немесе MultiBoot Express
құралын
компьютер қосылған не қайта басталған сайын компьютерде жүктеу құрылғысының
орналасуы сұралатындай етіп орнатуға болады.
MultiBoot таңдаулы параметрлерін таңдау
MultiBoot құралын келесі жағдайларда пайдалануға болады:
Компьютер іске қосылған сайын жаңа жүктеу ретін Computer Setup утилитасында жүктеу ретін
өзгерту арқылы орнату үшін.
Экранның төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мәзірін ашу үшін ESC
пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басу арқылы жүктеу ретін
динамикалық түрде таңдап, Boot Device Options (Құрылғыларды жүктеу мүмкіндіктері) мәзірін
ашуға f9 пернесін басу үшін.
Айнымалы
жүктеу реттерін орнатуға MultiBoot Express құралын пайдалану үшін. Компьютер іске
қосылған немесе қайта басталған сайын жүктеу құрылғысы сұралады.
Computer Setup утилитасында жаңа жүктеу ретін орнату
Computer Setup утилитасын бастап, компьютер іске қосылған немесе қайта басталған сайын
пайдаланылатын жүктеу ретін орнату үшін, мына әрекеттерді орындаңыз:
MultiBoot желісін пайдалану 77
Vista de pagina 86
1 2 ... 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 ... 103 104

Comentarios a estos manuales

Sin comentarios