
а Компьютерді сапарға алып шығу немесе
тасымалдау
Компьютерді сапарға алып шығу немесе тасымалдау керек болса, құрылғыны қорғаудың кейбір
кеңестерін осы жерден табасыз.
●
Компьютерді тасымалдауға дайындау:
◦
Ақпараттың сақтық көшірмесін сыртқы дискіге жазыңыз.
◦
Компьютерден сандық сақтау карталары сияқты барлық дискілер мен сыртқы медиа
карталарын шығарып алыңыз.
◦
Барлық сыртқы құрылғыларды өшіріп, ажыратыңыз.
◦
Компьютерді сөндіріңіз.
●
Ақпараттың сақтық көшірмесін бірге алып
жүріңіз. Барлық сақтық көшірмелерді компьютерден
бөлек ұстаңыз.
●
Ұшақпен ұшқанда, компьютерді қол жүгі ретінде ұстаңыз және оны басқа жүктеріңізбен бірге
тіркемеңіз.
ЕСКЕРТУ: Дискінің магнитті өрістерге қойылмауын қадағалаңыз. Магнитті өрісі бар қауіпсіздік
құрылғылары әуежайдағы құрылғылар мен қауіпсіздік бағандарында болады. Қол жүгін
тексеретін әуежай конвейер таспалары және осыған ұқсас қауіпсіздік құрылғылары магнетизм
орнына рентген сәулелерін қолданады және ол дискіге зақым келтірмейді.
●
Әуе сапары кезінде компьютер қолдануға рұқсат беру әуе компаниясының құзырында. Ұшу
кезінде компьютерді қолдану үшін, алдын ала әуе компаниясынан рұқсат алыңыз.
●
Егер компьютер қолданылмайтын болса және сыртқы қуатқа 2 аптадан артық жалғанбайтын
болса, батареяны шығарып алып, оны бөлек сақтаңыз.
●
Компьютерді немесе дискіні тасымалдағанда, сәйкес қорғаныш орамы мен «СЫНҒЫШ» деген
жапсырманы қолданыңыз.
Компьютерде
сымсыз байланыс құрылғысы орнатылса, бұл құрылғыларды пайдалануға кейбір
орталарда тыйым салынуы мүмкін. Ұшақтарда, ауруханаларда, жарылғыш заттардың жанында
және қауіпті орталарда осындай шектеулер болуы мүмкін. Егер белгілі бір құрылғыны қолдану
бойынша саясатты нақты білмесеңіз, компьютерді іске қосудан бұрын рұқсат сұраңыз.
●
Егер халықаралық сапарларға шығатын болсаңыз, мына ұсыныстарды орындаңыз:
◦
Өзіңіз баратын әрбір елдің
немесе аймақтың компьютерге қатысты кедендік ережелерін
тексеріңіз.
◦
Компьютерді қолдануды жоспарлайтын әрбір орындағы қуат сымы мен адаптері бойынша
қойылатын талаптарды тексеріңіз. Кернеу, жиілік және қосу параметрлері әртүрлі болуы
мүмкін.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток соғуы, өрт шығуы немесе жабдықтың зақымдануы сияқты қауіпті
азайту үшін компьютерді керек-жарақтарға арналып сатылатын кернеуді түрлендіру
жинағы арқылы қоспаңыз.
84 а қосымшасы Компьютерді сапарға алып шығу немесе тасымалдау
Comentarios a estos manuales