
Ұйқылық күй компьютерде қосылып, бірақ пайдаланылмаған жағдайда немесе компьютер
батареясының заряд деңгейі төмендегенде жүйе арқылы қосылуы мүмкін. Осы және басқа қуат
параметрлерін өзгерту үшін, Windows жұмыс үстелінің тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде
орналасқан хабарландыру аймағындағы Аккумулятор (Батарея) белгішесін тінтуірдің оң жақ
түймешігімен басып, Предпочтения (Таңдаулы параметрлер) пәрменін таңдаңыз.
●
Компьютер оның экранында кескіндерді көрсететіндей
етіп теңшелмеген болуы мүмкін. Кескінді
компьютердің экранына жіберу үшін fn+f4 пернелерін басыңыз. Модельдердің басым бөлігінде
монитор сияқты қосымша сыртқы дисплей компьютерге қосылған кезде кескін компьютер
экранына, сыртқы дисплейге немесе құрылғылардың екеуіне бір мезгілде берілуі мүмкін. fn+f4
пернесі қайталап басылғанда, бейне компьютер дисплейі, бір немесе бірнеше сыртқы дисплейлер
арасында ауысып, барлық құрылғыларда
бірден көрсетіледі.
Бағдарламалық құрал дұрыс жұмыс істемей тұр
Егер бағдарламалық құрал жауап қайтармай тұрса немесе дұрыс жауап бермесе, компьютерді өшіріп
қайта қосыңыз: Пуск (Бастау) түймешігін басып, Завершение работы (Жұмысты аяқтау) түймешігіне
жақын орналасқан көрсеткіні нұқыңыз, одан кейін Перезапустить (Қайта қосу) белгішесін басыңыз.
Егер осы іс реті арқылы компьютерді қайта іске қосу мүмкін болмаса,
Компьютер қосулы, бірақ жауап
бермейді (86-бет) бөлімін қараңыз.
Компьютер қосулы, бірақ жауап бермейді
Егер компьютер қосылса, бірақ ол бағдарламаның немесе пернетақтаның пәрмендеріне жауап
бермесе, компьютер жұмысын аяқтамас бұрын төтенше түрде жұмыс аяқтауға арналған төмендегі
әрекеттерді орындаңыз:
ЕСКЕРТУ: Апаттық өшіру іс реті орындалғанда, сақталмаған ақпарат жойылып кетеді.
●
Қуат түймешігін кемінде 5 секунд басып тұрыңыз.
●
Компьютерді дереу өшіру арқылы аппараттық құрал параметрлерін қайта орнату үшін қуат
түймешігі мен дыбыс деңгейі түймешігін кем дегенде 5 секунд басып тұрыңыз.
Компьютер әдеттен тыс қызып кетеді
Пайдалану барысында компьютерге қол тигізгенде оның жылы болуы қалыпты болып табылады.
Егер әдеттегіден тыс ыстық болса, желдеткіш саңылауы жабылып қалған болуы мүмкін.
Егер компьютер қатты қызып кетті деп ойласаңыз, оны бөлме температурасына дейін суытып алыңыз.
Компьютерді пайдалану барысында барлық желдеткіштердің ашық тұрғандығын тексеріңіз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетуге байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып кету
жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін
бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беткейге қойып пайдаланыңыз. Қасында тұрған қосымша
принтер сияқты қатты заттың немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ беткейдің ауа ағынын
бөгеуіне жол бермеңіз. Сонымен қатар, жұмыс кезінде
айнымалы ток адаптерінің теріге немесе
жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ затқа тимеуін қадағалаңыз. Компьютер және айнымалы ток
адаптері Ақпараттық технология жабдығы қауіпсіздігінің халықаралық стандарты (IEC 60950-1)
арқылы белгіленетін пайдаланушы үшін рұқсат етілген бет температурасына сәйкес келеді.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютердегі желдеткіш компьютердің ішкі бөліктерін салқындату және қызып кетудің
алдын алу үшін, автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында желдеткіштің қосылып-өшірілуі
қалыпты жағдай болып табылады.
86 ә қосымшасы Ақаулықтарды жою
Comentarios a estos manuales