
дискілерін (тек таңдаулы үлгілерде) жасау қажет. Алғашқы және кейінгі сақтық көшірмелеріңіз
проблема туындағанда деректерді қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
Қосымша сыртқы қатты дискіге, желілік дискіге немесе дискілерге ақпараттың сақтық көшірмесін
жасауыңызға болады.
Сақтық көшірме жасау кезінде төмендегі кеңестерге назар аударыңыз:
●
Жеке файлдарды Құжаттар кітапханасына сақтап, олардың сақтық көшірмелерін тұрақты түрде
жасап тұрыңыз.
●
Тиісті каталогтарда сақталатын үлгілердің сақтық көшірмелерін жасаңыз.
●
Терезе, құралдар тақтасы не мәзір жолында реттелетін параметрлерді олардың экран суретін
жасау арқылы сақтаңыз. Параметрлерді қалпына келтіру қажет болған кезде экран суреті
уақытыңызды сақтауы мүмкін.
●
Дисктерде сақтық көшірмелерді жасау кезінде, диск жетегінен алған соң әр дискті нөмірлеңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру мүмкіндіктері туралы толық нұсқауларды
Анықтама және қолдау қызметіндегі тиісті бөлімдерде іздеңіз. Анықтама және қолдау орталығына кіру
үшін, Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама және қолдау) тармағын таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Windows жүйесі компьютердің қауіпсіздігін жақсарту үшін, пайдаланушы есептік
жазбасын басқару мүмкіндігін қамтиды. Бағдарламалық құралды орнату, утилиталарды іске қосу
немесе Windows параметрлерін өзгерту сияқты тапсырмаларды орындау үшін сізден рұқсат немесе
құпия сөз сұралуы мүмкін. Анықтама және қолдау бөлімін қараңыз. Анықтама және қолдау
орталығына кіру үшін, Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама және қолдау)
тармағын
таңдаңыз.
Windows сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру мүмкіндігінің көмегімен сақтық көшірме жасау
үшін:
ЕСКЕРТПЕ: Сақтық көшірме жасау үрдісіне файл өлшеміне және компьютердің жазу жылдамдығына
байланысты бір сағаттай уақыт қажет болуы мүмкін.
1. Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > Обслуживание (Қызмет көрсету) >
Архивация и восстановление (Сақтық көшірмесін жасау және қалпына келтіру) тармақтарын
таңдаңыз.
2. Экрандық нұсқауларды орындап сақтық көшірме параметрлерін орнатыңыз, жүйе бейнесін
жасаңыз (тек таңдаулы үлгілерде) немесе жүйені жөндеу медиасын жасаңыз (тек таңдаулы
үлгілерде).
Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру
Жүйе қателігі немесе тұрақсыздығы орын алса, компьютер файлдарыңызды қалпына келтіру үшін
төмендегі құралдарды қамтамасыз етеді:
●
Windows қалпына келтіру құралдары: Windows жүйесінің сақтық көшірме жасау және қалпына
келтіру құралын пайдаланып бұрын сақтық көшірмесі жасалған ақпаратты қалпына келтіруге
болады. Windows жүктеу кезіндегі қалпына келтіру құралының көмегімен Windows жүйесіне
дұрыс іске қосылуға кедергі жасайтын проблемаларды шешуге болады.
●
f11
қалпына келтіру құралдары (тек таңдаулы үлгілерде): f11 қалпына келтіру құралдарын
қатты дискінің бастапқы кескінін қалпына келтіру үшін пайдалануға болады. Кескінге Windows
амалдық жүйесі және зауытта орнатылған бағдарламалық құрал бағдарламалары кіреді.
70 11-тарау Сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру
Comentarios a estos manuales