HP EliteBook Folio 1040 G2 Notebook PC Bundle Manual de usuario Pagina 64

  • Descarga
  • Añadir a mis manuales
  • Imprimir
  • Pagina
    / 104
  • Tabla de contenidos
  • MARCADORES
  • Valorado. / 5. Basado en revisión del cliente
Vista de pagina 63
Оптикалық жинақтағыш дискіні ортақ пайдалану
Компьютерде ішкі оптикалық жинақтағыш диск болмаса да, бағдарламалық құралды оңай ашуға да,
бағдарламаларды орнатуға да, желідегі басқа компьютерге жалғанған оптикалық жинақтағыш
дискіні ортақ пайдалануға да болады. Ортақ пайдалану дискілерібір компьютерге салынған дискіні
сол желідегі басқа компьютерлердің пайдалануына жол беретін Windows амалдық жүйесінің
мүмкіндігі.
ЕСКЕРТПЕ: Оптикалық диск жетегін ортақ пайдалану үшін желі қажет. Желінің параметрлерін орнату
туралы қосымша ақпаратты
Желіге қосылу (14-бет) бөлімінен қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: DVD фильмдері және ойындар дискілері сияқты кейбір дискілердің көшірмесі
жасалмайтын етіп қорғалған болуы мүмкін, сондықтан DVD немесе ықшам дискілері ортақ
пайдаланылмайды.
Бірлесіп пайдаланылатын оптикалық дискі бар компьютерде оптикалық дискіні ортақ пайдалану үшін
мына әрекеттер орындаңыз:
1. Пуск (Бастау) > Компьютер тармақтарын таңдаңыз.
2. Ортақ пайдалану қажет оптикалық жинақтағыш дискіні тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып,
Свойства (Сипаттар) параметрін таңдаңыз.
3. Общий доступ (Ортақ пайдалану) қойыншасын таңдап, Дополнительный общий доступ
(Қосымша ортақ пайдалану) параметрін таңдаңыз.
4.
Общий доступ к папке (Қалтаны ортақ пайдалану) жанына құсбелгі қойыңыз.
5. Имя общего ресурса (Ортақ ресурстың аты) мәтін ұясына оптикалық диск жетегінің атын енгізіңіз.
6. Применить (Қолдану) түймешігін, одан кейін OK түймешігін басыңыз.
7. Пуск (Бастау) > Панель Управления (Басқару тақтасы) > Сеть и Интернет (Желі және Интернет) >
Центр управления сетями и
общим доступом (Желі және ортақ пайдалануды басқару орталығы)
тармақтарын таңдаңыз.
54 8-тарау Дискілер
Vista de pagina 63
1 2 ... 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 ... 103 104

Comentarios a estos manuales

Sin comentarios