HP EliteBook Folio 1040 G2 Notebook PC Bundle Manual de usuario Pagina 29

  • Descarga
  • Añadir a mis manuales
  • Imprimir
  • Pagina
    / 104
  • Tabla de contenidos
  • MARCADORES
  • Valorado. / 5. Basado en revisión del cliente
Vista de pagina 28
Кейбір компьютерлердің SIM ұясында SIM картасы алдын ала орнатылады. Егер SIM картасы алдын
ала орнатылмаған болса, ол компьютермен бірге берілетін HP мобильді кең жолақты байланысы
ақпаратының ішінде берілуі немесе мобильді желі операторы оны компьютерден бөлек беруі мүмкін.
SIM картасын салу және шығару туралы ақпарат алу үшін, осы тараудың
SIM картасын салу және алу
(тек таңдаулы үлгілерде) (19-бет) бөлімін қараңыз.
НР мобильді кең жолақты модулі туралы және таңдаулы мобильді желілер операторы арқылы
қызметті іске қосу әдісі туралы мәліметтер алу үшін, компьютерге енгізілген НР мобильді кең жолақты
модулі туралы ақпаратты қараңыз. Қосымша ақпаратты
http://www.hp.com/go/mobilebroadband
мекенжайы бойынша (тек таңдаулы елдерде/аймақтарда) НР веб-торабынан қараңыз.
SIM картасын салу және алу (тек таңдаулы үлгілерде)
ЕСКЕРТУ: Қосқыштарға зақым келтіруді болдырмау үшін SIM картасын орналастыру кезінде қатты
күш салмаңыз.
SIM картасын салу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз:
1. Компьютерді сөндіріңіз.
2. Дисплейді жабыңыз.
3. Компьютерге жалғанған сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз.
4. Қуат сымын айнымалы ток көзінен ажыратыңыз.
5. SIM ұясының ашасын алыңыз (тек таңдаулы үлгілерде).
ЕСКЕРТПЕ: SIM ұясының ашасы құрамында HP Mobile Broadband бар үлгілерде алынбалы болып
табылады.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер алынбайтын SIM ұясының ашасымен немесе алынатын SIM ұясының
ашасымен жабдықталған. Алынбайтын SIM ұясының ашасын ішке қарай басу немесе оған қызмет
көрсету мүмкін емес. Алынатын SIM ұясының ашасын алып тастау үшін, босату үшін SIM ұясының
ашасын басып, оны ұядан алып тастаңыз.
6. SIM картасын SIM ұясына салып, ол өз орнында тығыз түскенше SIM картасын оның ұясына
жайлап басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: SIM картасының компьютерге салынатын бағытын анықтау үшін, SIM карта
ұяшығындағы суретке қараңыз.
Сымсыз желіге қосылу 19
Vista de pagina 28
1 2 ... 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 ... 103 104

Comentarios a estos manuales

Sin comentarios