
Үйде немесе кеңседе болсаңыз, басып шығаруға смартфондағы не планшеттегі басып шығару
мүмкіндігін пайдалану үшін:
1. Мобильді құрылғы мен принтер бір желіде екендігін тексеріңіз.
2. Басып шығарғыңыз келген фотосуретті немесе құжатты таңдап, кейін принтерді таңдаңыз.
3. Басып шығару параметрлерін растап, басып шығарыңыз.
Желіге кірмей-ақ басып шығару қажет болса, қосымша ақпарат алу үшін, Принтерге
маршрутизаторсыз сымсыз қосылым арқылы қосыңыз (41-бет) fбөлімін қараңыз.
Жолда болсаңыз, құжатты ePrint бағдарламасымен ePrint қосылған принтеріне электрондық хабар
жіберу арқылы басып шығара аласыз. Қосымша ақпаратты HP ePrint құрылғысымен басып шығару
(31-бет) бөлімінен қараңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін HP мобильді басып шығару веб-сайтына ( www.hp.com/go/mobileprinting )
кіріңіз.
AirPrint құрылғысымен басып шығару
Apple компаниясының AirPrint мүмкіндігімен басып шығаруды iOS 4.2 және Mac OS X 10.7 немесе кейінгі
нұсқалары қолдайды. AirPrint мүмкіндігін iPad (iOS 4.2), iPhone (3GS немесе кейінгі) немесе iPod touch
(үшінші буын немесе кейінгі) құрылғыларынан келесі мобильді бағдарламаларда басып шығару үшін
пайдаланыңыз:
●
Пошта
●
Фотосуреттер
●
Safari
●
Қолдайтын үшінші тарап бағдарламалары, мысалы Evernote
AirPrint мүмкіндігін пайдалану үшін келесіні тексеріңіз:
●
Принтер мен Apple құрылғысы AirPrint қосулы құрылғымен бірдей желіге қосылуы керек. AirPrint
мүмкіндігі және оған үйлесімді HP құрылғылары туралы қосымша ақпарат алу үшін
www.hp.com/go/mobileprinting бөліміне өтіңіз:
●
Принетрдің қағаз параметрлеріне сәйкес келетін қағазды салыңыз.
Ең көп нүкте/дюйм ажыратымдылығын пайдалану арқылы
басып шығару
Фотосурет қағаздарына жоғарғы сапалы, анық суреттерды басып шығару үшін, ең үлкен нүкте/дюйм
өлшемін қолданыңыз.
Ең үлкен нүкте/дюйм өлшемінде басып шығаруға басқа параметрлерде басып шығаруға қарағанда
ұзағырақ уақыт кетеді және оған дисктен үлкен бос орын қажет.
Ең үлкен нүкте/дюйм режимінде басып шығару (Windows)
1. Бағдарламалық құралдан Басып шығару түймесін таңдаңыз.
2. Принтердің таңдалғандығын тексеріңіз.
18 3-тарау Басып шығару KKWW
Comentarios a estos manuales