HP ENVY 4528 All-in-One Printer Manual de usuario Pagina 46

  • Descarga
  • Añadir a mis manuales
  • Imprimir
  • Pagina
    / 89
  • Tabla de contenidos
  • MARCADORES
  • Valorado. / 5. Basado en revisión del cliente
Vista de pagina 45
Wi-Fi Direct құрылғысын қосу үшін
1.
Принтердің басқару тақтасындағы (Wi-Fi Direct) түймесін басыңыз.
2.
Wi-Fi Direct параметрін қосу үшін ( Параметрлер ) түймесін түртіп, белгішесін түртіңіз.
3. ( Назад (Артқа) ) түймесін түртіңіз.
Wi-Fi Direct атауы мен құпия сөзі бар Wi-Fi Direct мәліметтері мәзірі көрсетіледі.
КЕҢЕС: Wi-Fi Direct мүмкіндігін енгізілген веб-серверден қосуға болады. EWS серверін пайдалану
туралы қосымша ақпаратты Енгізілген веб-серверді ашыңыз (45-бет) бөлімінен қараңыз.
Wi-Fi Direct қолдайтын сымсыз жұмыс істейтін мобильді құрылғыдан басып шығару
Мобильді құрылғыңызда HP басып шығару қызметінің қосылатын модулінің соңғы нұсқасы
орнатылғанын тексеріңіз. Бұл қосылатын модульді Google Play бағдарламалар дүкенінен жүктеп алуға
болады.
1. Принтердегі Wi-Fi Direct мүмкіндігі қосылғандығын тексеріңіз.
2. Мобильді құрылғыңызда Wi-Fi Direct мүмкіндігін қосыңыз. Қосымша ақпаратты мобильді
құрылғымен бірге берілген құжаттан қараңыз.
3. Мобильді құрылғыңыздан басып шығару функциясы қосулы бағдарламадан құжатты таңдаңыз
да, құжатты басып шығару үшін опцияны таңдаңыз.
Қолжетімді принтерлер тізімі шығады.
4. Қолжетімді принтерлер тізімі арасынан DIRECT-**- HP ENVY-4520 секілді көрсетілген Wi-Fi Direct
атауын таңдаңыз (бұнда ** сіздің принтеріңізді анықтайтын бірегей таңба), содан кейін
принтеріңіз бен мобильді құрылғыңыздың экранында көрсетілген нұсқауларды орындаңыз.
5. Құжатты басып шығарыңыз.
Сымсыз жұмыс істейтін компьютерден басып шығару (Windows)
1. Принтердегі Wi-Fi Direct мүмкіндігі қосылғандығын тексеріңіз.
2. Компьютердің Wi-Fi байланысын қосыңыз. Қосымша ақпаратты компьютерде берілген құжаттан
қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютеріңіз Wi-Fi байланысын қолдамайтын болса, Wi-Fi Direct мүмкіндігін
пайдалану мүмкін емес.
3. Компьютерден жаңа желіге қосылыңыз. Әдетте жаңа сымсыз желі немесе қол жеткізу нүктесіне
қосылуға пайдаланылатын процесті пайдаланыңыз. DIRECT-**- HP ENVY-4520 ретінде көрсетілген
сызмсыз желілердің тізімінен Wi-Fi Direct атауын таңдаңыз (** белгісі - принтерді анықтайтын
бірегей таңбалар және ХХХХ - принтерде орналасқан принтер моделі).
Сұралған кезде Wi-Fi Direct құпиясөзін енгізіңіз.
ЕСКЕРТПЕ:
Құпия сөзді табу үшін Басты бет мәзіріндегі (Wi-Fi Direct) белгішесін түртіңіз.
4. Егер принтер орнатылып сымсыз желі арқылы компьютерге қосылған болса, 5 қадамға өтіңіз.
Егер принтер орнатылып компьютерге USB кабелі арқылы қосылған болса, HP Wi-Fi Direct
қосылымын пайдаланатын принтер бағдарламалық құралы орнату үшін төмендегі қадамдарды
орындаңыз.
а. Операциялық жүйеге қарай келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:
42 7-тарау Принтерді жалғау KKWW
Vista de pagina 45
1 2 ... 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 ... 88 89

Comentarios a estos manuales

Sin comentarios