
Принтер параметрлері туралы кеңес (OS X)
●
Басып шығару диалогтық терезесіндегі принтерге жүктелген қағаз өлшемін таңдау үшін Қағаз
өлшемі қалқымалы мәзірін пайдаланыңыз.
●
Басып шығару диалогтық терезесінде Қағаз түрі/Сапа қалқымалы мәзірін таңдаңыз және қажетті
қағаз түрі мен сапаны таңдаңыз.
●
Тек қара сияны пайдаланып қара және ақ құжатты басып шығару үшін Қағаз түрі/сапасы
аймағын таңдап, Түс параметрлері үшбұрышты ашу түймесін басыңыз, содан соң Түрлі-түсті
қалқымалы мәзірінен Сұр түс реңктері параметрін таңдаңыз.
Жазбалар
●
Түпнұсқа HP картридждары HP принтерлері үшін жасалған және үздіксіз тамаша нәтижелерді
оңай алу үшін HP принтерлерінде тексерілген.
ЕСКЕРТПЕ: HP компаниясы өздері шығармаған жабдықтардың сапасына немесе сенімді
екендігіне кепілдік бере алмайды. HP компаниясы шығармаған жабдықтарды пайдалану
нәтижесінен болған принтер қызмет көрсету немесе жөндеу жұмыстары кепілдікке кірмейді.
Егер HP компаниясы шығарған сия картридждарын сатып алғаныңызға сенімді болсаңыз, мына
веб-торапқа өтіңіз:
www.hp.com/go/anticounterfeit
●
Сия деңгейі ескертулері мен көрсеткіштері тек қана жоспарлау мақсатында ғана анықтауларды
береді.
ЕСКЕРТПЕ: Сияның аз қалғандығы туралы ескерту хабарламасын алған кезде, ықтимал басып
шығару кешігулерін болдырмау үшін ауыстыратын картридждың болуын қарастырыңыз. Басып
шығару сапасы ұнамсыз болмайынша картридждарды ауыстырудың қажеті жоқ.
●
Принтер драйверінде таңдалған бағдарламалық құрал параметрлері басып шығару үшін ғана
қолданылады, олар көшіру немесе сканерлеу үшін қолданылмайды.
●
Құжатты қағаздың екі жағында да басып шығаруға болады.
KKWW Дұрыс басып шығару туралы кеңестер 21
Comentarios a estos manuales