
4. Веб-қызметтерінің параметрлері бөлімінен Теңшеу үймесін, Продолжить (Жалғастыру) түймесін
басып, пайдалану шарттарын қабылдау үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
5. Нұсқау берілсе, принтердің тексеруіне рұқсат етуді таңдап, принтер жаңартуларын орнатыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер принтер жаңартуы қол жетімді болса, принтер жаңартуды жүктеп, орнатады,
содан соң жүйені қайта іске қосады. Нұсқауларды 1-қадамнан Веб-қызметтерді орнатуға дейін
қайталауыңыз қажет болады.
ЕСКЕРТПЕ: Прокси-параметрлеріне нұсқау берілсе және желіңіз прокси параметрлерін
пайдаланса, прокси-серверлерді орнату үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Қосымша
ақпарат алу үшін желі әкімшісімен немесе желіні орнатқан адаммен байланысыңыз.
6. Принтер серверге қосылған кезде, принтер мәліметтер бетін басып шығарады. Орнатуды аяқтау
үшін ақпараттық беттегі нұсқауларды орындаңыз.
HP ePrint құрылғысымен басып шығару
HP ePrint – электрондық пошта жіберуге болатын кез келген жерде HP ePrint қолдайтын принтерде
басып шығаруға мүмкіндік беретін HP компаниясының тегін қызметі. Веб-қызметтеріне мүмкіндік
берілгенде принтерге тағайындалған электрондық пошта мекенжайына құжаттарды және
фотосуреттерді жай ғана жіберіңіз. Ешбір қосымша драйвер немесе бағдарламалық құрал қажет
етілмейді.
●
Принтер Интернетке сымсыз қосылым арқылы жалғанған болуы керек. Компьютердің USB
қосылымы арқылы HP ePrint пайдалана алмайсыз.
●
Бастапқы қаріптерге және пайдаланылған орналасу параметрлеріне байланысты тіркемелер
жасау үшін пайдаланылған бағдарламадағыдан басқаша басып шығарылуы мүмкін.
●
HP ePrint қызметі үшін принтер жаңартулары тегін ұсынылады. Белгілі бір мүмкіндікті қосу үшін
жаңартулар қажет болуы мүмкін.
HP Connected (www.hpconnected.com) сайтында тіркелгі алу үшін тіркелгеннен кейін оған ePrint жұмыс
күйін көру, ePrint технологиясының принтер кезегін басқару, басып шығару үшін кімнің ePrint
электрондық пошта мекенжайын пайдалана алатынын бақылау және ePrint технологиясы туралы
анықтама алу мақсатында кіруге болады.
ePrint пайдаланудан бұрын келесі әрекеттердің орындалғанына көз жеткізіңіз:
●
Принтер интернетке кіруді ұсыну арқылы қосылған желіге қосылды.
●
Веб-қызметтер қосылған. Жоқ болса, сізден қосуды сұрайды.
ePrint үшін құжаттарды кез келген жерден
1. Веб-қызметтерді қосу параметрін таңдаңыз.
а.
Басты экранда ( ePrint ) белгішесін басыңыз.
ә. Пайдалану шарттарына келісіп, Веб-қызметтерді қосу үшін экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
б. ePrint ақпарат бетін басып шығарып, ePrint есептік жазбасына жазылу үшін беттегі
нұсқауларды орындаңыз.
2. ePrint электрондық пошта мекенжайын тауып алыңыз.
KKWW HP ePrint құрылғысымен басып шығару 31
Comentarios a estos manuales