HP ENVY 4528 All-in-One Printer Manual de usuario Pagina 30

  • Descarga
  • Añadir a mis manuales
  • Imprimir
  • Pagina
    / 89
  • Tabla de contenidos
  • MARCADORES
  • Valorado. / 5. Basado en revisión del cliente
Vista de pagina 29
Веб-сканерлеу көмегімен сканерлеу
Интернетте сканерлеу веб-браузер арқылы компьютерге принтерден фотосуреттерді және
құжаттарды сканерлеуге мүмкіндік беретін енгізілген веб-сервердің мүмкіндігі болып табылады.
Бұл мүмкіндік компьютерде принтер бағдарламалық құралын орнатпағанда да қол жетімді болады.
ЕСКЕРТПЕ: Әдепкіше интернетте сканерлеу мүмкіндігі өшірулі болады. Осы мүмкіндікті енгізілген
веб-серверден қосуға болады.
EWS серверіндегі Интернетте сканерлеуді ашу мүмкін болмаса, желі әкімшісі оны ажыратқан болуы
мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін желі әкімшісімен немесе желі орнатқан маманмен байланысыңыз.
Веб-сканерлеуді қосу
1. Енгізілген веб-серверді (EWS) ашыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін Енгізілген веб-серверді
ашыңыз (45-бет) бөлімін қараңыз.
2. Параметрлер қойындысын басыңыз.
3. Қауіпсіздік бөлімінде Әкімші параметрлері түймесін басыңыз.
4. Интернетте сканерлеу мүмкіндігін қосу үшін Интернетте сканерлеу параметрін таңдаңыз.
5. Қолдану түймесін басып, OK түймесін басыңыз.
Интернетте сканерлеуді пайдаланып сканерлеу
Webscan бағдарламасы негізгі сканерлеу параметрлерін ұсынады. Қосымша сканерлеу опцияларын
немесе функционалдылығын алу үшін HP принтерінің бағдарламалық құралынан сканерлеңіз.
1. Түпнұсқаны сканер әйнегінің алдыңғы оң жақ бұрышына төмен қаратып жүктеңіз.
2. Енгізілген веб-серверді (EWS) ашыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін Енгізілген веб-серверді
ашыңыз (45-бет) бөлімін қараңыз.
3. Сканерлеу қойындысын басыңыз.
4. Сол жақ тақтадағыВеб-сканерлеу түймесін басып, параметрлерді өзгертіңіз де, Сканерлеуді
бастау түймесін басыңыз.
Сканерлеу параметрлерін өзгерту (Windows)
Сканерлеу параметрлерін бір реттік қолданыс үшін өзгертуге немесе өзгерістерді түпкілікті сақтауға
болады. Бұл параметрлер қағаз өлшемі мен бағыты, сканерлеу ажыратымдылығ, контраст пен
көшірме сақталатын қалта орны сияқты опцияларды қамтиды.
1. Түпнұсқаны сканер әйнегінің алдыңғы оң жақ бұрышына төмен қаратып жүктеңіз.
2. Принтердің бағдарламалық құралын ашу үшін, жұмыс үстеліндегі принтер белгішесін екі рет
басыңыз немесе келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:
Windows 8.1: Бастау терезесінің сол жақ төменгі бұрышындағы төмен көрсеткіні басып,
принтер атауын таңдаңыз.
Windows 8: Бастау терезесіндегі бос орынды тінтуірдің оң жағымен басып, бардарламалар
жолағындағы Барлық бағдарламалар түймесін басып, принтер атауын таңдаңыз.
Windows XP, Windows Vista және Windows 7: Компьютердің жұмыс үстелінен Пуск (Бастау)
түймесін басып, Все программыарлық бағдарламалар) тармағын таңдап, НР түймесін
басыңыз, содан соң принтерге арналған қалтаны басып, принтер атауы бар белгішені
таңдаңыз.
26 4-тарау Көшіру және сканерлеу KKWW
Vista de pagina 29
1 2 ... 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 ... 88 89

Comentarios a estos manuales

Sin comentarios