
Пайдаланушы режимдеріне кіру
Төмендегі жағдайларда бейне контроллерінің сигналы кездейсоқ алдын ала орнатылмаған режимді
шақыруы мүмкін:
● Сіз стандартты графикалық адаптерді пайдаланып жатқан жоқсыз.
● Сіз алдын ала орнатылған режимді пайдаланып жатқан жоқсыз.
Егер бұл орын алса, экрандағы дисплейді пайдалана отырып, дисплей экранының параметрлерін
қайта реттеу керек болуы мүмкін. Өзгертулерді режимдердің кез келгеніне немесе барлығына енгізуге
және жадта сақтауға болады. Дисплей жаңа параметрді автоматты түрде сақтайды, содан кейін жаңа
режимді алдын-ала орнатылған режим сияқты таниды. Зауытта алдын ала орнатылған режимдерге
қоса, енгізіп, сақтауға болатын кем дегенде 10 пайдаланушы режимі бар.
Қуатты үнемдеу мүмкіндігі
Бұл дисплей қуатты үнемдеу режимін қолдайды. Дисплей көлденеңінен синхрондау сигналының
немесе тігінен синхрондау сигналының жоқ екендігін анықтаса, қуатты үнемдейтін күйге өтеді. Осы
сигналдардың жоғын анықталғанда, дисплей экраны бос болып, артқы жарығы өшіріледі және қуат
шамы сары болып жанады. Дисплей қуатты үнемдейтін күйде болғанда, ол қуаттың 0,5 ватын ғана
пайдаланады. Дисплей қалыпты жұмыс істеу режиміне кіргенше аздап қызады.
Қуатты үнемдеу режимін (кейде қуатты басқару мүмкіндігі деп аталады) орнату туралы нұсқауларды
компьютер нұсқаулығынан қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Айтылған қуатты үнемдеу мүмкіндігі дисплейді қуатты үнемдеу мүмкіндіктері бар
компьютерге қосқанда ғана жұмыс істейді.
Дисплейдің ұйқы таймер утилитасындағы параметрді таңдау арқылы алдын ала анықталған уақытта
қуатты үнемдеу режиміне кіру күйіне бағдарламалауға болады. Дисплейдің ұйқы таймері дисплейді
қуат үнемдеу күйіне қойғанда, қуат жарығы сары болып жанады.
110 а қосымшасы Техникалық сипаттар
Comentarios a estos manuales