
Калибрлеу кестесін көрсету
Калибрлеу кестесі орнатылғаннан кейін, Калибровка (Калибрлеу) > View Calibration Schedule
(Калибрлеу кестесін көрсету) тармағында кестені тексеруге болады. (Кесте орнатылмаса, кестені
орнату сұралады.) Сонымен қатар бұл опция калибрлеу кестесін болдырмауға мүмкіндік береді.
Автоматтандыруға арналған StudioCal XML файлын пайдалану
Әдепкі бойынша калибрлеу процесі белсенді пайдаланушының алдын ала орнатылған параметрін
қайта калибрлейді. Арнайы алдын ала орнатылған параметрді немесе параметрлерді калибрлеңіз
келсе, оларды StudioCal XML көмегімен анықтап, файлды дисплейге орнатыңыз. Содан кейін бұл файл
калибрлеуді автоматтандыруға қолданылады
.
StudioCal XML файлын орнату үшін:
1. «StudioCal.xml» файлын жасап, оны USB флэш жетегінің түпкі (үстіңгі) каталогіне көшіріңіз.
2. USB флэш жадын диспдейдің төменгі жағындағы DreamColor USB портының біріне салыңыз.
3. Көрсетілетін барлық калибрлеу немесе микробағдарлама хабарларын өткізіп жіберіңіз.
4. Главное меню (Негізгі мәзірі) бөлімін ашыңыз.
5. Калибровка (Калибрлеу) опциясын таңдаңыз.
6. Установить StudioCal XML (StudioCal XML файлын орнату) опциясын таңдаңыз.
Дисплей бекітілген USB флэш жетегінде StudioCal.xml файлын іздейді.
Орнатылғаннан кейін, файл кейінгі автоматтандырылған калибрлеу процестері үшін пайдаланылады.
Автоматты калибрлеуді тексеру ақпаратына кіру
Құрал арқылы өлшенген RGB үлгілері мен XYZ мәндерін қамтитын соңғы автоматты калибрлеу
процесінен өлшеу ақпаратын сұрауға болады. StudioCal XML файлы орнатылған және тексеру
элементтерін қамтитын болса, сонымен қатар ол сұралған тексеру үлгілеріне арналған кейінгі
калибрлеу арқылы өлшенген XYZ мәндерін қамтиды.
Соңғы калибрлеу процесіндегі деректерді жүктеп алу үшін:
1. USB флэш жадын DreamColor USB портының біріне салыңыз. Флэш жад жетегі микробағдарлама
немесе StudioCal XML файлдарын қамтитын болса, экрандағы хабар оларды пайдалануды
сұрайды. Көрсетілетін барлық мәзірлерден бас тартыңыз.
2. Калибровка (Калибрлеу) мәзірін ашыңыз.
3. Export last calibration data (Соңғы калибрлеу деректерін экспорттау) опциясын таңдаңыз.
Калибрлеу деректері енгізілген USB флэш жетегіне жазылады.
Ішкі колориметрді сыртқы анықтамалық құралға туралау
Кіріктірілген XYZ колориметр зауытта Konica Minolta CA-310 құралына қарсы тураланған және
калибрленген. Бұл туралау қажеттіліктеріңізге үйлесімді болуы мүмкін болғанда, бірнеше
дисплейлерді қолдансаңыз, айтылған дисплейлердің ішкі колориметрін корпустың анықтамалық
құралына туралау қажет болуы мүмкін. Бұл тапсырма үшін Калибрлеу мәзірін пайдаланыңыз. Қолдау
көрсетілген сыртқы құралдар туралы қосымша ақпаратты Сыртқы өлшеу құралдарын пайдалану
(73-бет) бөлімінен қараңыз.
Ішкі колориметрді сыртқы анықтамалық құралға туралау 71
Comentarios a estos manuales