HP DreamColor Z27x G2 Studio Display Manual de usuario Pagina 29

  • Descarga
  • Añadir a mis manuales
  • Imprimir
  • Pagina
    / 121
  • Tabla de contenidos
  • MARCADORES
  • Valorado. / 5. Basado en revisión del cliente
Vista de pagina 28
.INF және .ICM файлдарын орнату
.INF және .ICM файлдарын дискіден орнатуға немесе оларды жүктеп алуға болады.
Дискіден орнату
.INF және .ICM файлдарын компьютерге дискіден орнату үшін:
1. Дискіні компьютердің CD-ROM дискі енгізгісіне салыңыз. Диск мәзірі көрсетіледі.
2. Содержит информацию о программном обеспечении дисплея HP (HP дисплейіндегі
компьютерлік бағдарлама
) файлын қараңыз.
3. Install Display Driver Software (Дисплей драйверінің бағдарламалық жасақтамасын орнату)
опциясын таңдаңыз.
4. Экрандық нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: .INF файлы Windows жүйесіне тән болғанда, macOS немесе Linux жүйесімен жұмыс істейтін
болсаңыз, экрандағы түс нақталығын қамтамасыз ету үшін, .ICM файлдарын орнату қажет болуы
мүмкін. Осы файлдарды компьютерге қолмен көшіруге болады. Бұл файлдарды орнату орындары
туралы ақпарат алу үшін, хост амалдық жүйе нұсқаулығын қараңыз.
Интернеттен жүктеу
HP мониторларына қолдау көрсету веб-сайтынан .INF және .ICM файлдарының ең соңғы нұсқасын
жүктеу үшін:
1. http://www.hp.com/support сілтемесіне өтіңіз.
2. Search all support (Барлығын іздеу қолдау) жолағына HP өнімінің атауын немесе өнім нөмірін
енгізіп, іздеу белгішесін басыңыз.
3. Драйверлерді, бағдарламалық жасақтаманы және микробағдарламаны алу үшін, көрсетілген
мәзір опциялары ішінен таңдаңыз.
4. Нұсқауларды орындау арқылы бағдарламаны жүктеңіз.
Микробағдарламаны жаңарту
HP компаниясы дисплейдің микробағдарламаларының жаңартуларын жиі тексеріп, ұсынылған болса,
жаңа нұсқасын орнатып алуға кеңес береді.
ЕСКЕРТПЕ: Бастапқы орнату параметрлері бойынша, дисплейдің микробағдарламаны жаңартуға
қажетті ішкі процессоры өшірулі болады. Дисплейдің микробағдарламасын жаңарту үшін,
процессорды қосу қажет болады. Процессорды қосу үшін, экрандық дисплей арқылы Управление
(Басқару) > Внутренний процессор (Ішкі процессор), одан кейін Включение (Қосу) пәрмендерін
таңдаңыз. Егер микробағдарламаны жаңарту алдында ғана қоссаңыз, ішкі процессор толығымен
қосылғанша бір минут күтіңіз.
Микробағдарламаны USB арқылы жаңарту үшін:
1. Қазіргі микробағдарлама нұсқасын тексеріңіз.
а. Алдыңғы тақтадағы кез-келген Функция түймесін басыңыз.
ә. Экрандық дисплей мәзірін ашу үшін, Открыть меню (Мәзірді ашу) түймесін басыңыз.
б. Қазіргі микробағдарламаны шолу үшін, Информация (Ақпарат) тармағын таңдаңыз.
.INF және .ICM файлдарын орнату 19
Vista de pagina 28
1 2 ... 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 ... 120 121

Comentarios a estos manuales

Sin comentarios