
Жарықтығын бейімдеу үшін:
1. Алдыңғы тақтадағы кез-келген Функция түймесін басыңыз.
2. Экрандық дисплей мәзірін ашу үшін, Открыть меню (Мәзірді ашу) түймесін басыңыз.
3. Түс кеңістігін жасақтау экранын ашу үшін, Цветовые параметры (Түс параметрлері) тармағын
таңдаңыз.
4. Вверх/вниз (Жоғары/төмен) түймелерін қолданып, Настройка яркости (Жарықтығын реттеу)
тармағын ашыңыз, одан кейін оны іске қосу үшін Выбрать (Таңдау) түймесін басыңыз.
5. Жарықтығын қажетті деңгейге реттеу үшін Ұлғайту/азайту түймелерін қолданыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Настройка яркости (Жарықтығын реттеу) опциясы ағымдағы жарықтық шамасын мәзір
опциясының оң жағынан көрсетеді.
Кескінді реттеу опцияларын түсіну
Бірнеше арнайы кескін реттеу опциялары мультимедиа және ойын-сауық өндірісіндегі арнайы жұмыс
ағындарына сәйкестендіруге арналған. Келесі бөлім сол функцияларды осы жұмыстарды орындау
тұрғысынан түсініктеме береді.
Бейне сигнал реттеулері
Төмен ағынды RGB реттеу
Басқа дисплейді немесе проекторды визуалды сәйкестендіру үшін, кейбір жағдайларда баптауды
(қара түс) қайта орындау немесе бір немесе бірнеше RGB арналарын қамту үшін қайта калибрлеу қажет
болуы мүмкін. Бұл реттеулер дисплей жабдығындағы түс басқаруын өңдеу блогынан төмен (яғни
кейін) орналасады. Бұл реттеулер 10 биттік дәлдікті қамтамасыз етеді.
Баптауты реттеу және RGB алу үшін:
1. Алдыңғы тақтадағы кез-келген Функция түймесін басыңыз.
2. Экрандық дисплей мәзірін ашу үшін, Открыть меню (Мәзірді ашу) түймесін басыңыз.
3. Параметры цвета (Түс параметрлері) > Downstream RGB adjust (Төменгі ағын RGB реттеу)
тармағын таңдаңыз.
4. Басқа дисплей құрылғысымен қажетті түс сәйкестігіне қол жеткізбейінше Баптау мен Күшейту
опцияларын реттеу үшін реттеу параметрлерін пайдаланыңыз.
Бейне деңгейлерін (64–960) пайдалану
Бұл опция тиісті видео сигналдарды жоғары дәлдікпен көрсету мүмкіндігін қолдайды, оған қарадан
төмен төменгі аймақ пен ақтан жоғары жоғарғы аймақ жатады. Сигналдың бұл түрлері әдетте толық
ITU-R BT.709 стандартына сәйкес келетін бейне сигналдарымен жұмыс істегенде кездеседі. Бұл
стандарт қара және ақ түстерді абсолют ретінде қарастырмай, қара мен ақ түс шектерінен ауытқу
мүмкіндігін береді.
Бұл сигналдар әдетте келесі жағдайларда кездеседі:
22 2-тарау Дисплейді қолдану
Comentarios a estos manuales