HP DreamColor Z27x G2 Studio Display Manual de usuario Pagina 33

  • Descarga
  • Añadir a mis manuales
  • Imprimir
  • Pagina
    / 121
  • Tabla de contenidos
  • MARCADORES
  • Valorado. / 5. Basado en revisión del cliente
Vista de pagina 32
HDMI немесе HD-SDI шығысын сыртқы көздерден жазылған видео немесе AJA Kona немесе
Blackmagic Design DeckLink сияқты ойнату карталары арқылы көргенде
Кескінді сызықсыз видео жөндеу бағдарламасындағы Құрастырғыш/Жөндеу/Шолу терезесі
арқылы көргенде
Blu-Ray/DVD ойнатқышын тұтынатын шығыс арқылы көргенде
Бұл жағдайлардың барлығында видео сигнал әдетте BT.709 жоғарғы аймақ пен төменгі аймақты
қамтиды. Егер бұл опция қосылмаса, дисплейде көргенде, қара нәрселер мен көлеңкелер ақшылдау,
ақ нәрселер қошқылдау болып көрінеді және түстер қанықтылығы сигналдың әдеттегі құрамынан
азырақ болады.
Бұл опция қосылғанда, қара 64 биттің 10 биттік шамасына шектеледі, ал ақ 960 биттің 10 биттік
шамасына шектеледі (8 бит үшін шектеу 16 және 235 шамаларында орын алады). Одан кейін дұрыс
визуалды аумақта көрсетілу үшін сигнал қайта жасақталады.
Жоғарғы және төменгі аймақтары бар негізгі көз материалын пайдаланып жатқаныңызға сенімді
болмасаңыз, қолданба параметрлерін тексеріңіз немесе негізгі көз материалы қалай алынғанын
немесе кескінделгенін айта алатын адаммен тексеріңіз. Бұл параметрді қосқаннан кейін жөндеу
қолданбаңыздың интерфейсінің жарықтығын бейімдеу қажет болуы мүмкін екенін ескеріңіз.
Видео деңгейлерін қолдану үшін:
1. Алдыңғы тақтадағы кез-келген Функция түймесін басыңыз.
2. Экрандық дисплей мәзірін ашу үшін, Открыть меню (Мәзірді ашу) түймесін басыңыз.
3. Реттеу опцияларының экранын ашу үшін, Настройка изображенияескінді реттеу) пәрменін
басыңыз.
4. Video legal (64–960) (Қолжетімді бейне (64-960)) опциясына өту үшін Вверх/вниз (Жоғары/төмен)
түймелерін қолданып, оны таңдау үшін Выбратьаңдау) түймесін басыңыз. Опцияны белсенді
болғанда таңдалады.
Жақтаудың қолданыстан тыс аймағы
Әдепкі бойынша дисплей кескіндегі барлық пиксельдерді көрсетеді, күнделікті бейне материалдарын
қарағанда немесе жөндегенде кескінді көрсету аймағынан асыра көру қажет болуы мүмкін, ол кәдімгі
сандық теледидардың көрсетіліміне ұқсас болады. Жақтаудың қолданыстан тыс аймағы опциясы
жақтаудың Қауіпсіз әрекет аймағындағы бөлігі ғана көрсетілуі үшін кескін 5%-ға мөлшерлемеге
үлкейеді. Қауіпсіз әрекет әдетте жақтау жиегінің 5%-ға ішкі жағынан басталатын аумақ ретінде
анықталады.
Жақтаудың қолданыстан тыс аймағы режимін пайдалану үшін:
1. Алдыңғы тақтадағы кез-келген Функция түймесін басыңыз.
2. Экрандық дисплей мәзірін ашу үшін, Открыть меню (Мәзірді ашу) түймесін басыңыз.
3. Реттеу опцияларының экранын ашу үшін, Настройка изображенияескінді реттеу) пәрменін
басыңыз.
4. Вверх/внизоғары/төмен) түймелерін қолданып, Увеличить нерабочую область на 5%
(Жақтаудың қолданыстан тыс аймағын 5% ұлғайту) тармағын ашыңыз, одан кейін оны іске қосу
үшін Выбратьаңдау) түймесін басыңыз. Опцияны белсенді болғанда таңдалады.
Тек көк түсті арнаны ғана көрсету
Адамның көк түсіндегі өзгерістерге сезімталдығы төмен, көптеген ықшамдау және кодтау
алгоритмдері көк арнаға өткізу жолағының ең аз шамасын тағайындайды. Сондықтан, көк арнаны
Кескінді реттеу опцияларын түсіну 23
Vista de pagina 32
1 2 ... 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 ... 120 121

Comentarios a estos manuales

Sin comentarios