
5. Қуат сымының бір ұшын дисплейдің артқы жағындағы айнымалы ток көзіне және екінші соңын
қабырғадағы электр розеткасына қосыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Дисплейдің алдындағы қуат қосқышын баспас бұрын, дисплейдің артындағы негізгі
қуат қосқышы On (Қосулы) бағытында болуы керек.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Электр тогының соғу немесе жабдықты зақымдау қаупін азайту үшін:
Қуат сымын кез келген уақытта оңай қол жететін жердегі айнымалы ток розеткасына қосыңыз.
Компьютердің қуатын қуат сымының ашасын айнымалы токтан суыру арқылы өшіріңіз.
Егер қуат сымының ашасы 3 басты болса, жерге тұйықталған 3 басты розеткаға қосыңыз. Қуат
сымының жерге тұйықтау істігін жалғаусыз қалдырмаңыз, мысалы, 2 істікшелі адаптер қолданып
қоспаңыз. Жерге тұйықтау ашасы – өте маңызды қауіпсіздік бөлшегі.
Қауіпсіздікті сақтау үшін қуат сымдарының немесе кабельдерінің үстіне ештеңе қоймаңыз.
Оларды ешкім кездейсоқ баспайтындай немесе оларға сүрінбейтіндей етіп орналастырыңыз.
Сымнан немесе кабельден ұстап тартпаңыз. Айнымалы ток розеткасынан ажыратқанда сымды
ашасынан ұстаңыз.
Дисплей орнату 13
Comentarios a estos manuales