HP DreamColor Z27x G2 Studio Display Manual de usuario Pagina 46

  • Descarga
  • Añadir a mis manuales
  • Imprimir
  • Pagina
    / 121
  • Tabla de contenidos
  • MARCADORES
  • Valorado. / 5. Basado en revisión del cliente
Vista de pagina 45
1. Дисплейге екінші кіріс көзін жалғаңыз.
2. Түймешіктерді белсендіру үшін тақтадағы түймелердің бірін басыңыз, содан кейін экран
дисплейін ашу үшін Открыть меню (Мәзірді ашу) түймесін басыңыз.
3. Экран дисплейі мәзірінде Split/PIP Control (Split/PIP басқару) > Enable Split/PIP (Split/PIP қосу)
тармағын таңдап, Picture-in-Pictureурет ішінде сурет) немесе 2×1 dual split (Екіге бөлінген 2×1)
опциясын таңдаңыз.
4. Дисплей жарамды кіріс үшін екінші кірістерді сканерлейді және кірісті PIP суреті үшін
пайдаланады. Егер PIP кірісін өзгерткіңіз келсе, экрандық дисплейдегі Назначить входов
(Кірістерді тағайындау) және қажетті кірісті (DisplayPort 1, DisplayPort 2, HDMI 1, HDMI 2 немесе
USB Type-C) таңдаңыз.
5. PIP көрінісінің өлшемін өзгерткіңіз келсе, экран дисплейінен Положение и размер PIP (PIP орны
мен өлшемі) опциясын таңдап, одан кейін Максимум (Максималды), По умолчанию (Әдепкі),
Минимум (Минималды) немесе Пользовательское значение (Өзгертпелі) опциясын таңдаңыз. Ең
үлкен өлшемінде PIP пиксельге пиксель барлық кіріс форматтарын, 2048×1080 шамасына дейін
көрсетеді. Бұл PIP режимін сенімділік мониторы ретінде қолдануды жеңілдету үшін. Бұл
қолданыс туралы ақпаратты келесі бөлімнен қараңыз.
6. PIP көрінісінің бағытын реттегіңіз келсе, экран дисплейінен Положение и размер PIP (PIP орны мен
өлшемі) опциясын, сосын Вверху слеваоғарғы сол жақ), Вверху справаоғарғы оң жақ),
Внизу слева (Төменгі сол жақ), Внизу справа (Төменгі оң жақ) немесе Пользовательские
настройки (Өзгертпелі) бағытын таңдаңыз.
PIP кескінін баптау
Негізгі кіріс үшін қолжетімді кескін баптауларының көпшілігі PIP кескіні режимінде пайдалану үшін де
қолжетімді болады. Бұл реттеулер туралы ақпаратты Кескінді реттеу опцияларын түсіну (22-бет)
немесе Сандық фильм ара-қатынас маскасын орнату (27-бет) бөлімінен қараңыз.
Келесі реттеулер PIP режимінде қол жетімді. Бастапқы параметрлері бойынша ешқайсысы
қосылмаған.
Қолжетімді бейне (64 960)
Видео сигналдарын AJA Kona немесе Blackmagic Design Decklink сияқты видео жазу карталары арқылы
қарағанда, бұл опция қосылып тұруы қажет, себебі видео деңгейлері видеоны өндіру аяқталғанда
қолданылады.
Қауіпсіз әрекет үшін жақтаудың қолданудан тыс аймағы
Бұл опцияны видео шығысы кәдімгі теледидарда қалай көрсетілетінін көру үшін қолданыңыз. Бұл
әсіресе төменгі үшінші графикалардың жиектерінің дұрыс екенін және кәдімгі теледидарда ешнәрсе
қысқартылмайтынын тексеру үшін қолайлы.
Сандық фильмді қиып алу
Егер 2048×1080 кіріс сигналы PIP ретінде көрсетілсе, дисплейді толық DCI кескін өлшемін көрсетуге
немесе PIP ішінде 1,85:1 немесе 2,39:1 aра-қатынасына қысқартуға реттеуге болады. Егер ара-
қатынасы қысқартылса, PIP пішіні таңдалған ара-қатынаспен өзгереді. PIP жиектерінде қара жолақтар
көрсетілмейді.
36 2-тарау Дисплейді қолдану
Vista de pagina 45
1 2 ... 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 ... 120 121

Comentarios a estos manuales

Sin comentarios