
жазуды қоса, көптеген әртүрлі әдістермен орындалуы мүмкін. Бұл әдістерді кейінірек осы
нұсқаулықта толығырақ талқылаймыз. Қазірше алдымен кейбір негіздерді орнатайық.
Ішкі процессорды қосу
Дисплей ішкі процессоры өшірулі күйінде жеткізіледі. Бұның негізгі мақсаты кейбір елдердегі қуат
тұтыну талаптарына сәйкес дисплейдің қуат тұтынуын азайту үшін жасалған, бірақ ішкі процессорды
іске қоспайынша, калибрлеуді орындау мүмкін емес.
КЕҢЕС: Процессор өшірілгенін тексеру үшін, экрандық дисплейдегі Негізгі мәзірді қараңыз.
Калибрлеу мәзірі қолжетімсіз болса, процессор өшірілген болады.
Ішкі процессорды іске қосу үшін:
1. Түймешіктердің белгілерін белсендіру үшін, тақтадағы бес түйменің біреуін басыңыз, содан кейін
экран дисплейін ашу үшін төменгі Открыть меню (Мәзірді ашу) түймесін басыңыз.
2. Управление (Басқару) бөлімін таңдап, Внутренний процессор (Ішкі процессор) тармағын
таңдаңыз.
3. Процессорды іске қосу үшін Включить калибровку (Калибрлеуді іске қосу) опциясын таңдаңыз.
4. Экрандық дисплейді жабу үшін, Выход (Шығу) түймесін басыңыз.
Калибрлеуді бастаудан бұрын, процессор толығымен қосылғанша бір минут күтіңіз.
Калибрлеуді және сыртқы құралдарды іске қосу
Әдепкі бойынша калибрлеу іске қосылып, ішкі және сыртқы құралдарға рұқсат беріледі. Бұны Басқару
мәзірінен өзгертуге болады. Ішкі процессорды қоссаңыз және калибрлеу мүмкін болмаса, калибрлеу
дисплейде өшірілмеуі мүмкін.
Калибрлеуді қосу немесе өшіру үшін:
1. Түймешіктердің белгілерін белсендіру үшін, тақтадағы бес түйменің біреуін басыңыз, содан кейін
экран дисплейін ашу үшін төменгі Открыть меню (Мәзірді ашу) түймесін басыңыз.
2. Управление (Басқару) бөлімін таңдап, Конфигурация калибровки (Калибрлеу конфигурациясы)
тармағын таңдаңыз.
3. Калибрлеуді қосу немесе өшіру үшін, Включить (Іске қосу) опциясын таңдаңыз.
4. Экрандық дисплейді жабу үшін, Выход (Шығу) түймесін басыңыз.
Сонымен қатар сыртқы құралдардың калибрлеуге рұқсат етілуін басқара аласыз. Сыртқы құралдар
туралы қосымша ақпаратты Сыртқы өлшеу құралдарын пайдалану (73-бет) бөлімінен қараңыз.
Сыртқы құралдар пайдалануды іске қосу немесе өшіру үшін:
1. Түймешіктердің белгілерін белсендіру үшін, тақтадағы бес түйменің біреуін басыңыз, содан кейін
экран дисплейін ашу үшін төменгі Открыть меню (Мәзірді ашу) түймесін басыңыз.
2. Управление (Басқару) бөлімін таңдап, Конфигурация калибровки (Калибрлеу конфигурациясы)
тармағын таңдаңыз.
3. Сыртқы құрал қолдауын қосу немесе өшіру үшін, Разрешить использование внешних
инструментов (Сыртқы құралдарды пайдалануға рұқсат беру) опциясын таңдаңыз.
4. Экрандық дисплейді жабу үшін, Выход (Шығу) түймесін басыңыз.
64 3-тарау Дисплейді калибрлеу
Comentarios a estos manuales