● Генератор тестовых шаблонов (Сынақ үлгісін жасақтау): Бұл пәрмен орнатылған сынақ үлгілерін
көрсетеді, оған қара, ақ, орташа сұр, қызыл, жасыл және көк кіреді.
● Empty (Бос): Бұл пәрмен тақта түймесінің функциясын өшіреді. Таңдалғанда деңгей бос болады.
Тақта түймесінің функцияларын өзгерту үшін:
1. Түймешіктердің белгілерін белсендіру үшін, тақтадағы бес түйменің біреуін басыңыз, содан кейін
экран дисплейін ашу үшін төменгі Открыть меню (Мәзірді ашу) түймесін басыңыз.
2. Экран дисплейінде Meню и управление сообщениями (Мәзірді және хабарды басқару) >
Настройка функциональных кнопок (Функция түймелерін конфигурациялау) опциясын
таңдаңыз, сосын қайта конфигурациялағыңыз келген түйменің қол жетімді опцияларының бірін
таңдаңыз.
Тақта түймесінің функциялар режимін өзгерту
Бастапқы параметр бойынша тақта түймелерінің бірі басылғанда әр түймеге пәрмен реттелгенін
көрсетіп, түйменің сол жағынан мәзір экранда пайда болады. Мәзір көрсетілгенде, қажетті түймені
басып, тағайындалған пәрменді орындауға болады. Мәзір конфигурациясымен танысқан соң, функция
пәрменінің дисплейін өшіріп, қажетті пәрменді орындау үшін, тақта түймесін ғана басуыңызға болады.
Бұл түйме пәрменінің функциясының таңбалар дисплейін ғана өшіреді. Экрандық мәзір ашылғанда,
функция таңбалары көрсетіледі.
Тақта түймесінің функциялар режимін өзгерту үшін:
1. Түймешіктердің белгілерін белсендіру үшін, тақтадағы бес түйменің біреуін басыңыз, содан кейін
экран дисплейін ашу үшін төменгі Открыть меню (Мәзірді ашу) түймесін басыңыз. (Егер бұл
режимнен ауысып кетсеңіз, экран мәзірін ашу үшін төменгі тақтадағы функция түймесін басыңыз.)
2. Экран мәзірінен Meню и управление сообщениями (Мәзір және хабарларды басқару) > Режим
функциональной кнопки (Функциялық түйме режимі) пәрмендері мен келесі функцялардың бірін
таңдаңыз.
а. Тақта түймесін басқанда түйме таңбасын көрсету үшін, Сначала открыть ярлык кнопки
(Алдымен түйме таңбасын ашу) пәрменін таңдаңыз.
ә. Тақта түймесін басқанда пәрмен бірден орындалу үшін, Выполнить команду при первом
нажатии (Пәрменді бірінші басу арқылы орындау) пәрменін таңдаңыз.
Тақта түймесінің диодты шамдарын реттеу
Тақта түймесінің диодты шамдарында әдепкі параметр бойынша іске қосылған автоматты түрде өшу
мүмкіндігі бар. Диодты шамдар экран дисплейінің күту уақыты өткен соң өшеді. Диодты шамдарды
өшпейтіндей етіп орната аласыз және өшу мүмкіндігі ажыратылған кезде диодты шамдардың
жарықтығын да реттей аласыз.
Тақта түймесінің өшу мүмкіндігін ажырату үшін:
1. Түймешіктерді белсендіру үшін тақтадағы түймелердің бірін басыңыз, содан кейін экран
дисплейін ашу үшін Открыть меню (Мәзірді ашу) түймесін басыңыз.
2. Экран дисплейінде Meню и управление сообщениями (Мәзірді және хабарды басқару) >
Автоматическое исчезание кнопок передней панели (Тақта түймесін авто өшіру) > Отключить
(отображаются всегда) (Ажырату (Әрқашан қосулы)) опциясын таңдаңыз.
Егер тақта түймесінің өшу мүмкіндігі ажыратылса (жоғарыда сипатталғандай), алдыңғы тақта
түймелерінің жарықтығын әр түрлі деңгейдегі бөлме жарығына қарай реттей аласыз.
Тақта түймесінің жарықтығын өзгерту үшін:
Алдыңғы тақта түймелерін теңшеу 41
Comentarios a estos manuales