
2
Желіге қосылу
Осы компьютермен кез келген жерге саяхаттауға болады. Алайда, компьютер мен сымсыз не
сымды желі байланысын пайдаланып үйде отырып та дүние жүзін шарлап, миллиондаған веб-
тораптардың ақпараттарына қол жеткізуге болады. Осы тараудағы ақпарат әлеммен
байланысуға көмектеседі.
Сымсыз желіге қосылу
Сымсыз технология деректерді сым арқылы емес, радио толқындары арқылы тасымалдайды.
Компьютер келесі сымсыз құрылғылардың біреуі немесе бірнешеуімен жабдықталған болуы
мүмкін:
●
Сымсыз жергілікті желі (WLAN) құрылғысы—Компьютерлерді корпоративті офистер, үй
және әуежайлар, мейрамханалар, кафелер, қонақ үйлер және университеттер сияқты
қоғамдық орындарда (әдетте, Wi-Fi желілері, сымсыз LAN немесе WLAN деп аталатын)
сымсыз жергілікті желілерге қосады. WLAN желісінде компьютеріңіздегі мобильді сымсыз
құрылғы сымсыз жол жоспарлағышымен немесе сымсыз кіру нүктесімен байланысады.
●
Bluetooth® құрылғысы — компьютерлер, телефондар, принтерлер, құлақаспаптар,
үндеткіштер және камералар сияқты Bluetooth қызметі қосылған басқа құрылғыларға
қосылу үшін жеке аймақ желісін (PAN) жасайды. PAN желісіндегі әр құрылғы басқа
құрылғылармен тікелей байланысады және бұл құрылғылар бір-біріне біршама жақын
болуы тиіс
. Әдетте бір-бірінен 10 метр (шамамен 33 фут) қашықтықта болады.
Сымсыз байланыс және желі күйінің белгішелерін анықтау
Белгіше Атауы Сипаттама
Сымсыз байланыс
(қосылған)
Бір немесе бірнеше сымсыз құрылғылардың қосулы екенін
көрсетеді.
Желілік қосылыс
(қосылған)
Сымды желінің қосылғандығын және белсенді болғандығын
көрсетеді. Егер сымды да, сымсыз да қосылыстар белсенді
болса, жылдамырақ болғандықтан амалдық жүйенің сымды
қосылысы қолданылады.
Желілік қосылыс
(ажыратылған)
Сымды және сымсыз желілердің қосылмағандығын көрсетеді.
Сымсыз басқару элементтерін пайдалану
Компьютердегі сымсыз құрылғыларды мына мүмкіндіктердің бірін немесе бірнешесін
пайдалана отырып басқаруға болады:
●
Сымсыз байланыс түймешігі, сымсыз байланыс қосқышы, сымсыз байланыс пернесі немесе
ұшу режимі пернесі (осы тарауда «сымсыз байланыс түймешігі» деп аталады) (тек
таңдаулы үлгілерде).
●
Амалдық жүйе басқару элементтері
4
2-тарау Желіге қосылу
Comentarios a estos manuales