
3
Көңіл көтеру мүмкіндіктерін
пайдалану
Веб-камера арқылы байланысу, музыканы тыңдау және басқару, бейнефильмдерді жүктеу және
көру амалдарын орындау үшін HP компьютерін көңіл көтеру орталығы ретінде пайдаланыңыз.
Компьютеріңізді бұдан да қуатты көңіл көтеру орталығына айналдыру үшін монитор, проектор,
теледидар және таңдаулы үлгілерге жоғары ажыратымдылықты құрылғыларды жалғаңыз.
Google Hangouts
және Skype сияқты бағдарламалармен бірге веб-камераны пайдалануға
болады.
Веб-камераны пайдалану
Компьютеріңізде кірістірілген веб-камера болуы мүмкін. Веб-камера — келесі бөлмедегі
немесе әлемнің басқа бөлігіндегі жақын достарыңыз немесе әріптестеріңізбен байланысуға
мүмкіндік беретін қуатты әлеуметтік желі құралы. Веб-камераны пайдаланып лездік хабар
алмасу бағдарламалық құралымен бейне ағынын жасауға және алдын ала орнатылған Camera
бағдарламалық жасақтамасымен фотосуреттер түсіруге болады.
Дыбысты пайдалану
Оптикалық диск жетегі бар HP компьютерімен музыка ықшам дискілерін ойнатуға, музыканы
жүктеуге және тыңдауға, вебтегі аудио мазмұнды (соның ішінде радионы) тыңдауға, дыбыс
жазуға немесе мультимедиа файлын жасау үшін дыбыс пен бейнені біріктіруге болады. Тыңдау
әсерін жақсарту үшін, үндеткіштер немесе құлақаспаптар сияқты сыртқы дыбыс құрылғыларын
жалғаңыз.
Үндеткіштерді қосу
Сымды үндеткіштерді компьютердегі немесе қондыру тұғырындағы USB порттарына (немесе
дыбыс шығысы ұясына) жалғау арқылы қосуға болады.
Сымсыз үндеткіштерді компьютерге қосу үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз.
Компьютерге ажыратымдылығы жоғары үндеткіштерді қосу үшін, Дыбыс параметрлерін реттеу
(HDMI теледидар арқылы) (15-бет) бөлімін қараңыз. Дыбыс құрылғыларын қосу үшін, дыбыс
деңгейін реттеңіз
.
Гарнитураны қосу
Сымды құлақаспаптарды компьютердің құлақаспаптарға арналған ұясына қосуға болады.
Компьютерге сымсыз гарнитураны жалғау үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын
орындаңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспап
немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз. Қосымша қауіпсіздік ақпаратын
Заңдық
,
қауіпсіздік және экологиялық ескертпелерден қараңыз.
Веб-камераны пайдалану
11
Comentarios a estos manuales