HP EliteBook Folio 1040 G2 Notebook PC Manual de usuario Pagina 20

  • Descarga
  • Añadir a mis manuales
  • Imprimir
  • Pagina
    / 68
  • Tabla de contenidos
  • MARCADORES
  • Valorado. / 5. Basado en revisión del cliente
Vista de pagina 19
Микрофонды қосу
Дыбыс жазу үшін, микрофонды компьютердің микрофон ұясына қосыңыз. Жазу кезінде жақсы
нәтиже алу үшін, артқы шу жоқ параметрде микрофонға тікелей сөйлеңіз.
Дыбысты тексеру
Компьютердегі жүйе дыбысын тексеру үшін, осы қадамдарды орындаңыз:
1. Үстіңгі тақтаның оң жақ шетінде орналасқан Меню системы (Жүйе мәзірі) белгішесін
басыңыз
, одан кейін Настройки системы (Жүйе параметрлері) > Звук (Дыбыс) белгішесін
басыңыз.
2. Звуковые эффекты (Дыбыс әсерлері) қойыншасын нұқып, әрбір дыбысты тексеру үшін
Выбрать звук уведомления (Ескерту дыбысын таңдау) астындағы дыбыс параметрлерінің
біреуін таңдаңыз.
Компьютердің жазу функцияларын тексеру үшін, осы қадамдарды орындаңыз:
1. Үстіңгі тақтаның оң жақ шетінде орналасқан Меню системы (Жүйе мәзірі) белгішесін
басыңыз, одан кейін Настройки системы (Жүйе параметрлері) > Звук (Дыбыс) белгішесін
басыңыз.
2. Ввод (Енгізу) қойыншасын нұқып, терезенің сол жағында орналасқан Звук записи с
(Келісілерден дыбысты жазу) тақтасынан Встроенный (Ішкі) немесе Внутренний
микрофон
(Ішкі микрофон) параметрін таңдаңыз.
3. Громкость на входе (Кіріс дыбыс деңгейінің) сырғытпасын қажетті параметрге жылжыту
арқылы кіріс дыбыс деңгейін реттеңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Жазу кезінде жақсы нәтиже алу үшін, артқы шу жоқ параметрде микрофонға
тікелей сөйлеңіз.
Компьютеріңіздегі аудио параметрлерін құптау немесе өзгерту үшін, үстіңгі тақтаның оң
жағында орналасқан
Звуковое меню (Дыбыстар мәзірі) белгішесін басыңыз.
Бейнені пайдалану
Бұл HP компьютері таңдаулы веб-тораптардағы таратылатын бейнені көруге және желіге
қосылмай-ақ компьютерден тамашалау үшін бейнелер мен фильмдерді жүктеп алуға мүмкіндік
беретін қуатты бейне құрылғысы болып табылады.
Көруге байланысты әрекеттеріңізді жақсарту мақсатында компьютерді сыртқы монитор,
проектор немесе теледидарға қосу үшін, бейне порттардың бірін пайдаланыңыз.
Компьютерлердің көбінде аналогтық бейне құрылғыларын қосуға мүмкіндік беретін VGA порты
болады. Кейбір компьютерлерде бар DisplayPort порты арқылы ажыратымдылығы жоғары
монитор немесе проектор сияқты қосымша сандық көрсету құрылғысы қосылады. Ал кейбір
компьютерлерде ажыратымдылығы жоғары мониторды немесе теледидарды қосуға мүмкіндік
беретін HDMI порты болады.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Сыртқы құрылғының дұрыс кабель арқылы компьютердегі дұрыс ұяға
қауіпсіз түрде жалғанғандығына көз жеткізіңіз. Сұрақтарыңыз болса, құрылғы өндірушісінің
нұсқауларын қараңыз.
12
3-тарау Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану
Vista de pagina 19
1 2 ... 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 ... 67 68

Comentarios a estos manuales

Sin comentarios