HP EliteBook Folio 1040 G2 Notebook PC Manual de usuario Pagina 33

  • Descarga
  • Añadir a mis manuales
  • Imprimir
  • Pagina
    / 68
  • Tabla de contenidos
  • MARCADORES
  • Valorado. / 5. Basado en revisión del cliente
Vista de pagina 32
Батареяның қуатымен жұмыс істеу
Зарядталған батарея компьютерде болғанда және компьютер сыртқы қуатқа жалғанбаған кезде,
компьютер батарея қуатында жұмыс істейді. Егер компьютерде зарядталған батарея
орнатылған болса және айнымалы ток адаптері компьютерден ажыратылған болса, компьютер
батарея қуатына автоматты түрде ауысады және экран жарықтығы батареяның қызмет көрсету
мерзімін арттыру үшін төмендетіледі. Компьютер өшірілгенде және сыртқы қуаттан
ажыратылғанда компьютердегі батарея жайлап таусылады
.
Қуатты басқару параметрлеріне, компьютерде іске қосылған бағдарламаларға, экран
жарықтығына, компьютерге жалғанған сыртқы құрылғыларға және басқа да факторларға
байланысты компьютер батареясының қызмет ету мерзімі әртүрлі болады.
Зауытта пломбаланған батарея (таңдаулы үлгілерде ғана)
Осы құрылғыдағы батареяны (батареяларды) пайдаланушы арқылы оңай ауыстыруға болмайды.
Батареяны алу немесе ауыстыру кепілдік күшіне әсер етуі мүмкін. Егер батареяның заряды тез
бітетін болса, қолдау қызметімен хабарласыңыз.
Батареяның жарамдылық мерзімі біткенде, оны үйдегі қоқыспен бірге лақтырмаңыз. Жергілікті
батарея жою заңдылықтары мен ережелерін орындаңыз
.
Батарея түрі туралы ақпаратты компьютермен бірге жеткізілетін «Орнату нұсқаулары» атты
басып шығарылған постердегі «Жылдам орнату» бөлімінен қараңыз.
Пайдаланушы ауыстыратын батареяны алып тастау (тек таңдаулы
үлгілерде)
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ықтимал қауіпсіздік мәселелерін азайту үшін, компьютермен бірге берілген
пайдаланушы ауыстыратын батареяны, HP компаниясы ұсынатын ауыстыру батареясын немесе
HP компаниясынан сатып алынған үйлесімді батареяны пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТУ: Компьютердің жалғыз қуат көзі болып табылатын пайдаланушы ауыстыратын
батареяны шығарып алу ақпараттың жоғалуына себеп болуы мүмкін. Ақпараттың жоғалуын
болдырмау үшін, батареяны шығармас бұрын жұмысыңызды сақтаңыз немесе компьютерді
өшіріңіз.
Батарея түрі туралы ақпаратты компьютермен бірге жеткізілетін «Орнату нұсқаулары» атты
басып шығарылған постердегі
«Жылдам орнату» бөлімінен қараңыз.
Қалған батарея зарядын көрсету
Үстіңгі тақтаның оң жақ шетіндегі Меню аккумулятора (Батарея мәзірі) белгішесін
басыңыз.
Батареяны зарядтау
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ұшақ бортында болғанда компьютер батареясын зарядтамаңыз.
Батарея компьютер сыртқы қуат көзіне айнымалы ток адаптері немесе қосымша қуат адаптері
арқылы жалғанған кездегі барлық жағдайда зарядталады.
Компьютер өшірілген болса да, не қолданыста болса да, батарея зарядталады, бірақ компьютер
өшірілген кезде ол тез зарядталады.
Батарея жаңа болғанда, 2 немесе одан көп апта бойына қолданылмағанда немесе бөлме
температурасынан жылырақ не салқынырақ болғанда, зарядталу ұзағырақ уақыт алуы мүмкін.
Батареяның қуатымен жұмыс істеу
25
Vista de pagina 32
1 2 ... 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 ... 67 68

Comentarios a estos manuales

Sin comentarios