
сипаттамаларын пайдаланып ажыратымдылық пен жаңарту деңгейін орнатыңыз. Қажет
болса бұрылысты өзгертіңіз. Егер дисплей айнаны орнатуды талап етсе, Зеркальные
дисплеи (Айна дисплейлері) құсбелгісін қойыңыз.
4. Параметрлер теңшелгеннен кейін, Применить (Қолдану) түймешігін, одан кейін OK
түймешігін басыңыз.
DisplayPort
DisplayPort компьютерді ажыратымдылығы жоғары теледидар сияқты бейне немесе аудио
құрылғысына не болмаса кез келген үйлесімді сандық немесе дыбыстық құралдарына
жалғайды
. Сыртқы VGA монитор портымен салыстырғанда DisplayPort өнімділігі жоғары болып,
сандық қосылысты жақсартады.
ЕСКЕРТПЕ: Бейне және/немесе дыбыс сигналдарын DisplayPort арқылы жіберу үшін,
DisplayPort кабелі (бөлек сатылады) керек болады.
ЕСКЕРТПЕ: Бір DisplayPort құрылғысын компьютердің DisplayPort портына жалғауға болады.
Компьютер экранындағы ақпаратты DisplayPort құрылғысында бір уақытта бейнелеуге болады.
Бейне немесе аудио құрылғысын DisplayPort портына жалғау үшін
1. DisplayPort кабелінің бір ұшын компьютердегі DisplayPort портына жалғаңыз.
2. Кабельдің екінші ұшын бейне құрылғысына жалғаңыз, одан кейін қосымша ақпаратты
өндіруші нұсқауларынан қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Құрылғы кабелін ажырату үшін, коннекторды босату түймешігін басыңыз.
HDMI теледидарын не мониторын жалғау
Компьютер экранындағы кескінді ажыратымдылығы жоғары теледидардан не компьютерден
көру үшін, ажыратымдылығы жоғары құрылғыны келесі нұсқауларға сәйкес жалғаңыз.
HDMI құрылғысын компьютерге жалғау үшін бөлек сатылатын HDMI кабелі қажет болады.
14
3-тарау Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану
Comentarios a estos manuales