
3. Терезенің сол жағындағы аймақта Обзор (Шолу) опциясын таңдаңыз, одан кейін
Архивировать сейчас (Қазір сақтық көшірмені жасау) параметрін басыңыз.
4. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Бастапқы зауыттық күйді қалпына келтіру
ЕСКЕРТПЕ: Бұл әрекетті орындауға кіріспес бұрын іске қосатын компьютердің айнымалы ток
қуатына жалғанғанын тексеріңіз.
Компьютерді бастапқы зауыттық күйге келтіру үшін DVD дискілеріндегі немесе USB
құрылғысындағы қалпына келтіру кескінін пайдалану:
1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз.
2. Компьютерді сөндіріңіз.
3. Қалпына келтіруге арналған бірінші DVD дискісі немесе USB құрылғысы компьютерге
жалғанғанын тексеріңіз
.
4. Компьютерді қайта іске қосыңыз.
5. Жүйе жүктелген кезде жүктеу құрылғысын таңдауға кіру үшін F9 басыңыз және құрамында
қалпына келтіру кескіні бар құрылғыны таңдаңыз.
6. Восстановление всего жесткого диска (Бүкіл қатты дискті қалпына келтіру) мүмкіндігін
таңдап, Продолжить (Жалғастыру) түймешігін басыңыз.
7. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер сіз компьютеріңізді іске қоса (бастай) алмасаңыз және жүйелік қалпына
келтіру дискісін жасай алмасаңыз, амалдық жүйені қайта орнату үшін Операционная система
Ubuntu
(Ubuntu амалдық жүйесі) DVD дискісін сатып алатыныңыз жөн. Қосымша ақпаратты
Worldwide Telephone Numbers
(Дүниежүзілік телефон нөмірлері) кітапшасынан оқыңыз.
Деректер файлдарының сақтық көшірмесін жасау
Deja Dup Restore құралы деректік файлдардың сақтық көшірмесін жасауға мүмкіндік береді.
Ағымдағы сақтық көшірменің жасалуын қамтамасыз ету үшін деректік файлдардың сақтық
көшірмелерін жүйелі түрде жасап отыру қажет. Ақпараттың сақтық көшірмесін қосымша сыртқы
диск, желілік диск немесе жинақтағыш дискілерде қолмен жасауға болады. Деректеріңіздің
сақтық көшірмесін келесі жағдайларда жасауды ұмытпаңыз:
●
Жүйелі жоспарланған кесте бойынша
●
Компьютер жөнделмес немесе қалпына келтірілмес бұрын
●
Жабдықты немесе бағдарламалық құралды қоспас немесе өзгертпес бұрын
Deja Dup сақтық көшірме жасау құралын пайдалану арқылы үйдегі каталог файлдарының
сақтық көшірмесін жасау:
ЕСКЕРТПЕ: Ақпараттың сақтық көшірмесін жасамас бұрын сақтық көшірме файлдары
сақталатын орынды тағайындағаныңызға көз жеткізіңіз.
Деректер файлдарының сақтық көшірмесін жасау
51
Comentarios a estos manuales