
8
Компьютер мен ақпаратты қорғау
Компьютерді қорғау
ЕСКЕРТПЕ: Қауіпсіздік шешімдері қорғаныс шаралары ретінде әрекет ету үшін жасалады,
бірақ олар бағдарламалық құрал шабуылдарынан немесе компьютерге күтімсіз қарау не оны
ұрланудан қорғамайды.
Компьютермен бірге жеткізілетін қауіпсіздік мүмкіндіктері компьютер, жеке ақпарат пен
деректерді түрлі қауіп-қатерлерден қорғайды. Қажет қауіпсіздік шаралары компьютер
қолданылатын әдіске байланысты болады
.
Амалдық жүйенің бірқатар қауіпсіздік мүмкіндіктері бар. Қосымша қауіпсіздік мүмкіндіктерінің
тізімі төмендегі кестеде беріледі. Қосымша қауіпсіздік мүмкіндіктерінің көбінің параметрлері
Setup Utility утилитасы арқылы реттеледі.
Келесілерден қорғау Бұл қауіпсіздік мүмкіндігін пайдалану
Компьютерді рұқсатсыз қолдану Құпия сөздерді пайдалану арқылы қосылу
аутентификациясы
Setup Utility құралына рұқсатсыз кіру (f10) Setup Utility құралындағы әкімші құпия сөзі*
Деректерге рұқсатсыз кіру
●
Желіаралық қалқан бағдарламалық құралы (әдепкі
параметр бойынша Ubuntu амалдық жүйесіне
орнатылмайды)
●
Амалдық жүйені жаңарту
Setup Utility параметрлеріне және басқа жүйені анықтау
ақпаратына рұқсатсыз кіру
Setup Utility құралындағы әкімші құпия сөзі*
Компьютердің орнын рұқсатсыз ауыстыру Қауіпсіздік кабелінің ұясы (қосымша қауіпсіздік
кабелімен бірге қолданылады)
*Setup Utility утилитасына кіру үшін компьютер қосылғанда немесе қайта басталғанда, f10 пернесін басыңыз. Setup
Utility құралын пайдалану кезінде, жылжу және таңдау жасау үшін компьютердегі пернелерді басу қажет.
Құпиясөздерді пайдалану
Құпия сөз — компьютер ақпаратын қорғау үшін таңдалатын таңбалардың тобы. Ақпаратқа кіруді
басқарудың жолына байланысты құпия сөздердің бірнеше түрлері орнатылуы мүмкін. Құпия
сөзді амалдық жүйеде немесе компьютерде алдын ала орнатылған Setup Utility утилитасында
орнатуға болады.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютерге кіруді құлыптау қатерін азайту үшін әр құпия сөзді жазып алып,
қауіпсіз жерде сақтаңыз.
40
8-тарау Компьютер мен ақпаратты қорғау
Comentarios a estos manuales