HP EliteBook Folio 1040 G2 Notebook PC Manual de usuario Pagina 47

  • Descarga
  • Añadir a mis manuales
  • Imprimir
  • Pagina
    / 68
  • Tabla de contenidos
  • MARCADORES
  • Valorado. / 5. Basado en revisión del cliente
Vista de pagina 46
Ақпараттың сақтық көшірмесін сыртқы дискіге жазыңыз.
Компьютерден сандық сақтау карталары сияқты барлық дискілер мен сыртқы медиа
карталарын шығарып алыңыз.
Барлық сыртқы құрылғыларды өшіріп, ажыратыңыз.
Қатты дискіні қатты диск ұясынан шығармас бұрын, дискіден кез келген драйверді
алып тастаңыз
.
ЕСКЕРТУ: Бұл әрекетті дискіні тасымалдау, сақтау немесе онымен сапарға шығу
алдында, осы әрекетті орындаңыз. Бұл компьютердiң немесе дискінің бұзылу, дискіге
зақым келу немесе мəлiмет жоғалу қаупін төмендетеді.
Компьютерді сөндіріңіз.
Ақпараттың сақтық көшірмесін бірге алып жүріңіз. Барлық сақтық көшірмелерді
компьютерден бөлек ұстаңыз.
Ұшақпен саяхаттау кезінде компьютерді қол жүгі ретінде алып жүріңіз; оны жүк бөлімінде
тасымалдауға болмайды.
ЕСКЕРТУ: Дискінің магниттік өрістердің әсеріне ұшырамауын қадағалаңыз. Магниттік
өрісі бар қауіпсіздік құрылғылары әуежайдағы тексеруден өту құрылғылар мен қауіпсіздік
бағандарында болады. Жолаушылар жүктерін тексеруге арналған әуежайлардағы
конвейерлік жолдар және соған ұқсас қауіпсіздік құрылғылары магниттік өрістің орнына
рентген сәулелерін қолданады да, дискілерге зиян келтірмейді.
Ұшу кезінде компьютерді қолдануды жоспарласаңыз, компьютерді пайдаланатын уақытты
ұшу алдындағы хабарландыру кезінде тыңдаңыз. Әуе сапары кезінде компьютер қолдануға
рұқсат беру әуе компаниясының құзырында.
Егер компьютер қолданылмайтын болса және сыртқы қуатқа 2 аптадан артық
жалғанбайтын болса, батареяны шығарып алып, оны бөлек сақтаңыз.
Егер компьютерді немесе дискіні тасымалдайтын болсаңыз, тиісті қорғаныш орамы мен
«FRAGILE» (Тез сынғыш) деген ескертпесі бар жапсырманы қолданыңыз.
Компьютерде сымсыз байланыс құрылғысы орнатылса, бұл құрылғыларды пайдалануға
кейбір орталарда тыйым салынуы мүмкін. Ұшақтарда, ауруханаларда, жарылғыш
заттардың жанында және қауіпті орталарда осындай шектеулер болуы мүмкін. Егер белгілі
бір құрылғыны қолдану бойынша саясатты нақты білмесеңіз, компьютерді іске қосудан
бұрын рұқсат сұраңыз
.
Егер халықаралық сапарларға шығатын болсаңыз, мына ұсыныстарды орындаңыз:
Өзіңіз баратын әр елдің/аймақтың компьютерге қатысты кедендік ережелерін
тексеріңіз.
Компьютерді қолдануды жоспарлайтын әрбір орындағы қуат сымы мен адаптері
бойынша қойылатын талаптарды тексеріңіз. Кернеу, жиілік және қосу параметрлері
әртүрлі болуы мүмкін.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток соғуы, өрт шығуы немесе жабдықтың зақымдануы сияқты
қауіпті азайту үшін, компьютерді жабдықтар үшін сатылатын кернеуді түрлендіру
жинағы арқылы қоспаңыз.
Компьютерді сапарға алып шығу немесе тасымалдау
39
Vista de pagina 46
1 2 ... 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 ... 67 68

Comentarios a estos manuales

Sin comentarios