HP EliteBook Folio 1040 G2 Notebook PC Manual de usuario Pagina 23

  • Descarga
  • Añadir a mis manuales
  • Imprimir
  • Pagina
    / 68
  • Tabla de contenidos
  • MARCADORES
  • Valorado. / 5. Basado en revisión del cliente
Vista de pagina 22
ЕСКЕРТПЕ: Сыртқы құрылғының экран ажыратымдылығын реттеңіз, әсіресе, «Кеңейту»
параметрін таңдасаңыз. Үздік нәтиже алу үшін, үстіңгі тақтаның оң жақ шетіндегі Меню
системы (Жүйе мәзірі) белгішесін басыңыз және Дисплеи (Дисплейлер) опциясын басып,
Разрешение (Ажыратымдылық) параметріне жақын орналасқан ашылмалы мәзірден
ажыратымдылықты таңдаңыз
.
Компьютерге ажыратымдылығы жоғары теледидарды не мониторды жалғау:
1. HDMI кабелінің бір ұшын компьютердегі HDMI портына жалғаңыз.
2. Кабельдің екінші ұшын ажыратымдылығы жоғары теледидарға не мониторға жалғаңыз.
3. Компьютер экранындағы кескінді төрт түрлі көрсету күйіне ауыстырып қосу үшін, f4
пернесін басыңыз:
Ноутбук экраны ғана: экрандағы кескінді тек компьютерден көру.
Айнадай дисплейлер: экрандағы кескінді бір уақытта компьютер мен сыртқы
құрылғының екеуінен де көру.
Кеңейту: экрандағы кескінді компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен көру.
Сыртқы монитор ғана: экрандағы кескінді тек сыртқы құрылғыдан көру.
f4 пернесі басылған сайын, көрсету күйі өзгереді.
Дыбыс параметрлерін реттеу (HDMI теледидар арқылы)
HDMI ажыратымдылығы жоғары бейне және дыбыс параметрлеріне қолдау көрсететін жалғыз
бейне интерфейсі болып табылады. HDMI теледидарын компьютерге жалғағаннан кейін, келесі
қадамдарды орындау арқылы HDMI дыбысын қосуға болады:
1. Үстіңгі тақтаның оң жағында орналасқан Звуковое меню (Дыбыстар мәзірі) белгішесін
басыңыз, одан кейін Настройки звука (Дыбыс параметрлері) параметрін таңдаңыз.
2. Вывод (Шығыс) қойыншасында Internal Audio Digital Stereo (HDMI) (Ішкі аудио сандық
стерео (HDMI)) опциясын таңдаңыз.
3. Дыбыс терезесін жабыңыз.
Дыбысты қайтадан компьютер үндеткіштерінен шығару үшін, мына қадамдарды орындаңыз.
Бейнені пайдалану
15
Vista de pagina 22
1 2 ... 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 ... 67 68

Comentarios a estos manuales

Sin comentarios