
Бағдарламалық құрал қолданбаларының және
мәліметтеріңіздің сақтық көшірмелерін жасау
Бағдарламалық құрал қолданбаларын және мәліметтеріңізді вирус шабуылы салдарынан
немесе бағдарламалық не аппараттық құралдың ақаулығынан жоғалу немесе зақымдау
қатерінен қорғау үшін олардың сақтық көшірмелерін үнемі жасап жүріңіз. Қосымша ақпаратты
Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару және қалпына келтіру (49-бет) бөлімінен
қараңыз.
Қосымша қауіпсіз кабель құлпын пайдалану
Бөлек сатылатын қауіпсіздік кабель құлпы қорғау құралы ретінде әрекет ету үшін жасалған,
бірақ ол компьютердің қате қолданылуынан немесе ұрлануынан қорғамайды. Қауіпсіздік кабель
құлпы ұрланудан қорғауға көмектесетін күрделі қауіпсіздік шешімінің бір бөлігі ретінде
қолданылуы мүмкін бірнеше әдістердің біреуі ғана болып табылады.
Компьютердің қауіпсіздік кабелі ұясы осы бөлімдегі суреттегіден сәл өзгешелеу болуы мүмкін.
1. Қауіпсіздік кабель құлпын қорғалатын затқа ораңыз.
2. Кілтті (1) қауіпсіздік кабель құлпына (2) салыңыз.
3. Қауіпсіздік кабель құлпын компьтердегі қауіпсіздік кабелінің ұясына (3) салыңыз да, сосын
оны кілтпен жабыңыз.
4. Құлыпты шығарып алып, қауіпсіз жерде сақтаңыз.
44
8-тарау Компьютер мен ақпаратты қорғау
Comentarios a estos manuales