
Сымсыз байланыс түймешігін пайдалану
Модельге сәйкес, компьютерде сымсыз байланыс түймешігі, бір немесе бірнеше сымсыз
құрылғы және бір немесе бірнеше сымсыз байланыс шамы болуы мүмкін. Компьютердегі
сымсыз құрылғылардың барлығы зауытта қосылады, сондықтан, компьютер қосылғанда, сымсыз
байланыс шамы (ақ) жанып тұрады.
Сымсыз байланыс шамы жеке құрылғылардың емес, сымсыз құрылғылардың жалпы қуат күйін
анықтайды. Егер сымсыз байланыс шамы ақ жанып тұрса, кем дегенде бір сымсыз құрылғы
қосылған. Егер сымсыз байланыс шамы сары жанып тұрса, сымсыз құрылғылар өшірілген.
Сымсыз құрылғылар зауытта қосылатындықтан, оларды бір уақытта қосу немесе өшіру үшін,
сымсыз байланыс түймешігін пайдалануға болады. Жеке сымсыз құрылғыны басқару үшін
үстіңгі тақтаның оң жақ шетіндегі
Меню сети (Жүйе мәзірі) белгішесін басыңыз, одан
кейін Изменить соединения (Қосылыстарды өзгерту) параметрін таңдаңыз.
Амалдық жүйе басқару элементтерін пайдалану
Сымсыз не сымды желі құрылғысын қосу немесе ажырату үшін:
1. Үстіңгі тақтаның оң жақ шетіндегі Меню сети (Жүйе мәзірі) белгішесін басыңыз.
2. Мына құрылғылардың біреуі немесе бірнешесін қосу не ажырату үшін, төмендегі
құсбелгілердің біреуін қойыңыз немесе алып тастаңыз:
●
Включить сетевые подключения (Желіні қосу, барлық желілік құрылғылар үшін)
●
Подключение беспроводного соединения (Сымсыз байланысты қосу)
WLAN құрылғысын қолдану
WLAN құрылғысымен сымсыз жол жоспарлағыш немесе сымсыз кіру нүктесі арқылы
байланыстырылған басқа компьютерлерден және қосалқы құралдардан құрылған сымсыз
жергілікті желіге
(WLAN) кіруге болады.
ЕСКЕРТПЕ: Сымсыз байланыс орнату немесе желідегі пайдаланушыларға рұқсат ету кезінде
түбірлік құпия сөзді енгізуге шақырыласыз.
ЕСКЕРТПЕ: Сымсыз жол жоспарлағышы және сымсыз кіру нүктесі жиі өзара ауыстырылатын
күйде қолданылады.
●
Корпоративтік немесе жалпы WLAN желісі сияқты кең ауқымды WLAN жүйесі әдетте,
көптеген компьютерлер мен қосалқы құралдарды қамтамасыз етіп, критикалық желі
функцияларын бөле алатын, сымсыз кіру нүктелерін пайдаланады.
●
Үйдегі немесе шағын кеңседегі WLAN жүйесі әдетте бірнеше сымсыз немесе сымды
компьютерлерге Интернет байланысы, принтерді және файлдарды аппараттық немесе
бағдарламалық құралдардың қосымша бөліктерін талап етпестен ортақ пайдалануға
мүмкіндік беретін сымсыз жол жоспарлағышын пайдаланады.
Компьютерде WLAN құрылғысын қолдану үшін, WLAN инфрақұрылымына (қызмет провайдері
немесе қоғамдық не біріккен желі арқылы берілген) қосылу қажет.
Сымсыз желіге қосылу
5
Comentarios a estos manuales