HP EliteBook Folio 1040 G2 Notebook PC Manual de usuario Pagina 55

  • Descarga
  • Añadir a mis manuales
  • Imprimir
  • Pagina
    / 68
  • Tabla de contenidos
  • MARCADORES
  • Valorado. / 5. Basado en revisión del cliente
Vista de pagina 54
HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) пайдалану
HP PC Hardware Diagnostics – бірыңғай кеңейтілетін ішкі бағдарламалық құрал интерфейсі
(UEFI). Бұл құрал компьютердің аппараттық құралдарының дұрыс жұмыс істейтінін анықтау
үшін диагностикалық сынақтарды жүргізуге мүмкіндік береді. Құрал амалдық жүйенің
сыртында жұмыс істейді және амалдық жүйенің өзі немесе басқа бағдарламалық құралдар
бөліктері туындауы мүмкін аппараттық құралдың ақаулықтарын бөлектейді
.
HP PC Hardware Diagnostics UEFI пайдалану үшін
1. Компьютерді қосып немесе қайта қосып, esc пернесін жылдам басыңыз да, f2 пернесін
басыңыз.
BIOS бағдарламасы диагностикалық құралдарды екі орыннан төмендегі тәртіпте іздейді:
а. Қосылған USB диск жетегі
ЕСКЕРТПЕ: HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) құралын USB диск жетегіне жүктеу
туралы ақпаратты HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) құралын USB құрылғысына
жүктеу (47-бет) бөлімінен қараңыз.
ә.
BIOS
2. Диагностика құралы ашылған кезде, көрсеткі пернелердің көмегімен орындалатын
диагностикалық сынақтың түрін таңдаңыз және экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Диагностикалық сынақты тоқтату қажет болса, esc пернесін басыңыз.
HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) құралын USB құрылғысына жүктеу
ЕСКЕРТПЕ: HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) құралын жүктеп алу жөнінде нұсқаулар
ағылшын тілінде ғана беріледі. Жүктеу және HP UEFI қолдау ортасын жасау үшін .exe
пішіміндегі файлдар қолданылғандықтан Windows компьютерін пайдалану қажет.
HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) құралын USB құрылғысына жүктеуге арналған екі тәсіл бар.
1-тәсіл: HP PC Diagnostics өзіндік беті – ең соңғы UEFI нұсқасын алуға мүмкіндік береді.
1. http://hp.com/go/techcenter/pcdiags веб-торабына өтіңіз.
2. UEFI Download (UEFI жүктеу) сілтемесін басыңыз, одан кейін Выполнить (Орындау)
опциясын таңдаңыз.
2-тәсіл: Қолдау және драйверлер беті – арнайы өнімнің бұрынғы немесе соңғы нұсқаларын
жүктеп алуға мүмкіндік береді.
1. http://www.hp.com веб-торабына өтіңіз.
2. Меңзерді беттің жоғарғы жағында орналасқан Support (Қолдау) пәрменінің үстіне
орналасып, Download Drivers (Драйверлерді жүктеу) параметрін таңдаңыз.
3. Өнім атауын мәтін өрісіне енгізіп, Go (Өту) түймешігін басыңыз.
– немесе –
Өнімді автоматты түрде анықтау үшін, Find Now (Қазір табу) пәрменін таңдаңыз.
HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) пайдалану
47
Vista de pagina 54
1 2 ... 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 ... 67 68

Comentarios a estos manuales

Sin comentarios