
1
Қосылғанда жанатын шам
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Бұл компьютерге орнатылған Ubuntu амалдық жүйесінде басқа
амалдық жүйелерде қол жетімді мүмкіндіктердің кейбіреулеріне қолдау көрсетілмейді.
Мысалы, Ubuntu бағдарламасында ауыспалы немесе қос өлшемді графикаға, сенсорлы экранға,
WWAN желісіне, саусақ ізін оқу құрылғысына, Bluray дискілеріне, сенімді платформа модуліне,
GPS
қызметіне және M.2 SSD мен mSATA сияқты дискілерге қолдау көрсетілмеуі мүмкін.
Сонымен қатар, Ubuntu бағдарламасы Bluetooth мүмкіндігімен толық жұмыс істемейді.
Бұл компьютер жұмыс істеуді және көңіл көтеруді жақсартуға арналған қуатты құрал болып
табылады. Компьютердің мүмкіндіктерін барынша пайдалану мақсатында орнату жасағаннан
кейін орындауға болатын ең жақсы амалдар, компьютермен жасауға болатын қызықты
әрекеттер және қосымша HP ресурстарын алуға болатын орындар туралы білу үшін, осы
бөлімді мұқият оқып шығыңыз
.
Ең жақсы тәжірибе
Қаржы салымыңызды қорғау үшін, компьютер параметрлерін орнатып, оны тіркегеннен кейін,
келесі әрекеттерді орындау ұсынылады:
●
Қалпына келтіру дискілерін немесе қалпына келтіру флэш жетегін жасау арқылы қатты
дискінің сақтық көшірмесін жасаңыз. Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару және
қалпына келтіру (49-бет) бөлімін қараңыз.
●
Әлі қосылмаған болса, сымды немесе сымсыз желіге қосылыңыз. Егжей-тегжейлі
ақпаратты
Желіге қосылу (4-бет) бөлімінен қараңыз.
●
Компьютердің аппараттық және бағдарламалық құралымен танысыңыз. Ақпарат алу үшін,
Аппараттық және бағдарламалық құрал туралы мәліметтерді табу (3-бет) немесе Көңіл
көтеру мүмкіндіктерін пайдалану (11-бет) бөлімін қараңыз.
●
Вирусқа қарсы бағдарламалық құрал сатып алыңыз немесе жаңартыңыз. Қосымша
ақпаратты Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды пайдалану (43-бет) бөлімінен қараңыз.
Қызықты әрекеттер
●
Компьютерден YouTube бейнелерін көруге болатынын білесіз. Ал, компьютерді
теледидарға жалғап, бейнені теледидардан көруге болатынын білесіз бе? Қосымша
ақпаратты HDMI теледидарын не мониторын жалғау (14-бет) бөлімінен қараңыз.
●
Сондай-ақ, компьютерден музыка тыңдауға болатынын білесіз. Ал компьютерге тікелей
эфирдегі радионы орнатып, бүкіл әлемдегі радио арналарының музыкасы мен
бағдарламаларын тыңдай алатыныңызды білесіз бе? Дыбысты пайдалану (11-бет)
бөлімін қараңыз.
●
Компьютеріңізді пайдаланып, керемет презентациялар жасай алатыныңызды білесіз. Ал,
ойларыңызды топпен бөлісу үшін компьютерді проекторға қосуға болатынын білесіз бе?
VGA мониторын немесе проекторын жалғау (13-бет) бөлімін қараңыз.
Ең жақсы тәжірибе
1
Comentarios a estos manuales