
1 Қосылғанда жанатын шам
Бұл компьютер жұмыс істеуді және көңіл көтеруді жақсартуға арналған қуатты құрал болып
табылады. Компьютерді орнату жасалғаннан кейін орындауға болатын ең жақсы амалдар,
компьютермен жасауға болатын қызықты әрекеттер және қосымша HP ресурстарын табуға болатын
орындар туралы білу үшін, осы бөлімді оқып шығыңыз.
HP Apps Store дүкеніне өту
HP Apps Store дүкені жалпыға танымал ойындардың кең таңдауын, ойын-сауық пен музыка
бағдарламаларын, өнімділік бағдарламаларын және Бастау экранынан жүктелуге болатын НР
компаниясында бірегей құқығы бар бағдарламаларды ұсынады. Таңдау жүйелі түрде жаңартылады
және мазмұн аймақ пен елге байланысты ұсынылады. Жаңа және жаңартылған мүмкіндіктерінің бар
екенін анықтау үшін, HP Apps Store дүкенін жиі тексеріңіз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: HP Apps Store дүкеніне кіру үшін Интернетке қосылу қажет.
ЕСКЕРТПЕ: HP picks (НР таңдаулылары) мүмкіндігі тек кейбір елдерде жеткілікті болады.
Бағдарламаларды көру және жүктеп алу үшін:
1. Бастау экранынан Store (Дүкен) бағдарламасын таңдаңыз.
2. Қолжетімді бағдарламаларды көру үшін HP рicks (НР таңдаулылары) пәрменін таңдаңыз.
3. Жүктелетін бағдарламаларды таңдап, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Жүктеу
аяқталғаннан кейін бағдарлама Все приложения (Барлық бағдарламалар) экранында пайда
болады.
Ең жақсы тәжірибе
Компьютерді орнатқан және тіркеген соң, зерделі қаржыландырудың ең көбін алу үшін келесі
қадамдарды орындауды ұсынамыз:
●
Әлі қосылмаған болса, сымды немесе сымсыз желіге қосылыңыз. Егжей-тегжейлі ақпаратты
Желіге қосылу (15-бет) бөлімінен қараңыз.
●
Компьютердің аппараттық және бағдарламалық құралдарымен танысыңыз. Қосымша ақпарат
алу үшін Компьютермен танысу (5-бет) немесе Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану
(23-бет) бөлімін қараңыз.
●
Вирусқа қарсы бағдарламалық құрал сатып алыңыз немесе жаңартыңыз. Вирусқа қарсы
бағдарламалық құралды пайдалану (49-бет) бөлімін қараңыз.
●
Қалпына келтіру дискілерін немесе флэш жетегін жасау арқылы қатты дискінің сақтық
көшірмесін жасаңыз. Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару және қалпына келтіру
(56-бет) бөлімін қараңыз.
HP Apps Store дүкеніне өту 1
Comentarios a estos manuales