
1. Windows жұмыс үстелінде, тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан хабарландыру
аймағындағы желі күйінің белгішесін оң жақ түймешікпен басыңыз.
2. Открыть центр управления сетями и общим доступом (Желілер мен ортақ пайдалануды
басқару орталығын ашу) пәрменін таңдаңыз.
3. Просмотр активных сетей (Белсенді желілерді көру) ішінен белсенді желіні таңдаңыз.
4. Қауіпсіздік, желілік байқау, файлдар мен принтерлерді ортақтастыру немесе басқа желілік
мүмкіндіктер үшін ортақтастыру параметрлерін орнату мақсатымен Изменить дополнительные
параметры общего доступа (Қосымша ортақтасу параметрлерін өзгерту) параметрін таңдаңыз.
WLAN құрылғысын қолдану
WLAN құрылғысымен сымсыз жол жоспарлағыш немесе сымсыз кіру нүктесі арқылы
байланыстырылған басқа компьютерлерден және қосалқы құралдардан құрылған сымсыз жергілікті
желіге (WLAN) кіруге болады.
ЕСКЕРТПЕ: Сымсыз жол жоспарлағышы және сымсыз кіру нүктесі жиі өзара ауыстырылатын күйде
қолданылады.
●
Корпоративтік немесе жалпы WLAN желісі сияқты кең ауқымды WLAN жүйесі әдетте, көптеген
компьютерлер мен қосалқы құралдарды қамтамасыз етіп, критикалық желі функцияларын бөле
алатын, сымсыз кіру нүктелерін пайдаланады.
●
Үйдегі немесе шағын кеңседегі WLAN жүйесі әдетте бірнеше сымсыз немесе сымды
компьютерлерге Интернет байланысы, принтерді және файлдарды аппараттық немесе
бағдарламалық құралдардың қосымша бөліктерін талап етпестен ортақ пайдалануға мүмкіндік
беретін сымсыз жол жоспарлағышын пайдаланады.
Компьютерде WLAN құрылғысын қолдану үшін, WLAN инфрақұрылымына (қызмет провайдері немесе
қоғамдық не біріккен желі арқылы берілген) қосылу қажет.
Интернет провайдерін пайдалану
Үйде Интернет байланысын орнату кезінде, Интернет провайдерінің (ISP) есептік жазбасын орнату
қажет. Интернет қызметін және модемді сатып алу үшін жергілікті Интернет провайдерімен
хабарласыңыз. Интернет провайдері модем параметрлерін реттеуге, сымсыз компьютерді модемге
қосу үшін желі кабелін орнатуға және Интернет қызметін тексеруге көмектеседі.
ЕСКЕРТПЕ: Интернет провайдері Интернетке кіру үшін пайдаланушы идентификаторы мен құпия
сөзді береді. Берілген мәліметтерді жазып алыңыз да, қауіпсіз жерде сақтаңыз.
Сымсыз желіге қосылу 17
Comentarios a estos manuales