HP Stream 11 Pro G2 Notebook PC Manual de usuario Pagina 29

  • Descarga
  • Añadir a mis manuales
  • Imprimir
  • Pagina
    / 75
  • Tabla de contenidos
  • MARCADORES
  • Valorado. / 5. Basado en revisión del cliente
Vista de pagina 28
(анықтама) сөзін теріп, одан кейін Справка и поддержка (Анықтама және қолдау) тармағын
таңдаңыз.
WLAN желісіне қосылу
WLAN желісіне қосылу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз:
1. WLAN құрылғысының қосулы екендігіне көз жеткізіңіз.
2. Шебер түймелерді көрсету үшін бастау экранының жоғары немесе төменгі оң жақ бұрышына
меңзерді жылжытыңыз.
3. Настройки (Параметрлер) түймесін басып, желі күйі белгішесін басыңыз.
4. Тізімнен WLAN желісін таңдаңыз.
5. Подключиться (Қосылу) түймешігін басыңыз.
Егер желі қауіпсіз қосылған WLAN желісі болса, сізден желінің қауіпсіздік кілтін енгізу сұралады.
Кодты енгізіп, қосылуды аяқтау үшін, Войти (Жүйеге кіру) түймешігін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер WLAN тізімі көрсетілсе, сымсыз жол жоспарлағышы ауқымының немесе кіру
нүктесінің сыртында болуыңыз мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Егер қосылатын WLAN желісі көрсетілмесе, Windows жұмыс үстелінде желі күйінің
белгішесін оң жақ түймешікпен нұқып, Открыть центр управления сетями и общим доступом
(Желілер мен ортақ пайдалануды басқару орталығын ашу) пәрменін таңдаңыз. Настройка нового
подключения или сети (Жаңа қосылым немесе желіні орнату) пәрменін таңдаңыз. Желіні қолмен
іздеу және оған қосылу немесе жаңа желі байланысын орнатуға мүмкіндік беретін опциялар тізімі
ашылады.
6. Экрандағы нұсқауларды орындап қосылысты аяқтаңыз.
Байланыс орнатылып болған соң, оның аты мен күйін тексеру үшін, тінтуір меңзерін тапсырмалар
тақтасының оң жақ шетіндегі хабарландыру аймағындағы желі белгішесіне қойыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Жұмыс ауқымы (сымсыз сигналдардың жету алыстығы) WLAN кіруіне, жол
жоспарлағышын өндірушіге және басқа электрондық құрылғылардан алынған кедергілерге немесе
қабырғалар және едендер сияқты құрылымды тосқауылдарға байланысты болады.
Сымсыз желіге қосылу 19
Vista de pagina 28
1 2 ... 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 ... 74 75

Comentarios a estos manuales

Sin comentarios