
Windows жүйесінде құпиясөздерді орнату
Құпиясөз Қызмет
Пайдаланушы құпиясөзі Windows пайдаланушы есептік жазбасына кіруді қорғайды.
Сондай-ақ, компьютерді ұйқы немесе күту күйінен шыққанда
пайдаланушы құпия сөзі сұралатындай етіп орнатуға болады.
Қосымша ақпаратты Оянған кезде сұралатын құпия сөзбен
қорғау (38-бет) бөлімінен қараңыз.
Әкімші құпиясөзі Компьютер мазмұнына әкімші деңгейінде кіруді қорғайды.
ЕСКЕРТПЕ: Осы құпиясөз арқылы Setup Utility (BIOS)
мазмұнына кіру мүмкін емес.
Setup Utility (BIOS) құпия сөздерін орнату
Құпиясөз Қызмет
Әкімші құпия сөзі
●
Оны Setup Utility (BIOS) құралына кірген сайын енгізу
қажет.
●
Әкімші құпия сөзін ұмытып қалған жағдайда, Setup
Utility (BIOS) утилитасына кіру мүмкін болмайды.
ЕСКЕРТПЕ: Әкімші құпиясөзін қосылғанда сұралатын
құпиясөз орнына қолдануға болады.
ЕСКЕРТПЕ: Әкімші құпиясөзін Windows жүйесіне орнатылған
әкімші құпиясөзімен алмастыруға болмайды немесе ол
орнатылған, енгізілген, өзгертілген немесе жойылған күйде
көрсетіледі.
ЕСКЕРТПЕ: Қосылғанда сұралатын құпиясөз алғаш тексеру
кезінде «Press the ESC key for Startup Menu» (Қосылу мәзірін
ашу үшін, ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетілгенше
енгізілсе, Setup Utility (BIOS) утилитасына кіру үшін әкімші
құпиясөзін енгізу керек болады.
Қосылғанда сұралатын құпия сөз
●
Оны компьютерді қосқан не қайта бастаған сайын
немесе күту күйінен шыққан сайын енгізу қажет.
●
Қосылғанда сұралатын құпиясөзді ұмытып қалсаңыз,
компьютерді қосу немесе қайта қосу және күту күйінен
шығу мүмкін болмайды.
ЕСКЕРТПЕ: Әкімші құпиясөзін қосылғанда сұралатын
құпиясөз орнына қолдануға болады.
ЕСКЕРТПЕ: Қосылғанда сұралатын құпиясөз орнатылған,
енгізілген, өзгертілген немесе жойылған күйде көрсетіледі.
Әкімші құпиясөзін немесе қосылғанда сұралатын құпиясөзді Setup Utility (BIOS) ішінде орнату, өзгерту
немесе жою:
1. Setup Utility (BIOS) утилитасын компьютерді қосу немесе өшіріп, қайта қосу арқылы ашыңыз.
Экранның төменгі сол бұрышында «Press the ESC key for Startup Menu» (Қосылу мәзірін ашу үшін
ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз.
2. Безопасность (Қауіпсіздік) пәрменін таңдау үшін көрсеткі пернелерді басып, экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
48 8-тарау Компьютер мен ақпаратты қорғау
Comentarios a estos manuales