
1. Компьютерді сөндіріңіз.
2. Айнымалы ток адаптерін компьютерге және ауыспалы ток розеткасына жалғаңыз.
3. Компьютерді қосыңыз.
●
Қуат шамдары жанса, айнымалы ток адаптері дұрыс істеп тұр.
●
Қуат шамдары өшіп тұрса, айнымалы ток адаптері мен компьютер арасындағы және
айнымалы ток адаптері мен розетка арасындағы қосылысты тексеріңіз.
●
Байланыс дұрыс орнатылған, бірақ қуат шамдары сонда да өшіп тұрса, айнымалы ток
адаптері істемей тұр және оны ауыстыру қажет
.
Айнымалы ток адаптерінің алмастырылуы туралы ақпарат алу үшін, қолдау орталығына
хабарласыңыз.
Компьютерді өшіру (сөндіру)
ЕСКЕРТУ: Компьютер өшірілген кезде сақталмаған мәліметтер жойылады. Компьютерді өшірмес
бұрын жұмысыңыздың сақталғанына көз жеткізіңіз.
Өшіру пәрмені барлық ашық бағдарламаларды жабады, сондай-ақ амалдық жүйені және дисплей мен
компьютерді де өшіреді.
Төмендегі жағдайлардың кез келгенінде компьютерді өшіріңіз:
●
USB немесе бейне портына жалғанбайтын сыртқы жабдықты жалғағанда:
●
Компьютер ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған немесе сыртқы қуат көзінен ажыратылған кезде.
Компьютерді қуат түймешігі арқылы да өшіруге болатынымен, ұсынылатын үрдіс Windows жүйесінің
Завершение работы (Жұмысты аяқтау) пәрменін қолдану болып табылады:
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер ұйқылық немесе күту күйінде болғанда, жұмысты аяқтамас бұрын, қуат
түймешігін басып қалу арқылы ұйқылық немесе күту күйінен шығу қажет.
1. Жұмысыңызды сақтап, барлық ашық бағдарламаларды жабыңыз.
2. Шебер түймелерді көрсету үшін, меңзерді бастау экранының жоғары немесе төменгі оң жақ
бұрышына жылжытыңыз.
3. Параметры (Параметрлер), одан кейін Питание (Қуат) пәрмендерін таңдаңыз және Завершение
работы (Жұмысты аяқтау) параметрін басыңыз.
– немесе –
Экранның төменгі сол жақ бұрышындағы Пуск (Бастау) түймесін оң жақ түймешікпен басып,
Завершение работы (Жұмысты аяқтау) немесе Выйти из системы (Жүйеден шығу) тармағын,
сосын Завершение работы (Жұмысты аяқтау) пәрменін таңдаңыз.
Компьютер жауап бермесе және жұмысты аяқтаудың алдыңғы процедураларын пайдалану мүмкін
болмаса, келесі төтенше жағдай процедураларын көрсетілген кезекпен орындап көріңіз:
●
ctrl+alt+delete пернелерін басып, Питание (Қуат) белгішесін басыңыз, содан кейін Завершение
работы (Өшіру) тармағын таңдаңыз.
●
Қуат түймешігін кемінде 5 секунд басып тұрыңыз.
●
Компьютерді сыртқы қуат көзінен ажыратыңыз.
42 6-тарау Қуат басқару
Comentarios a estos manuales