
НР Мобильді кең жолақты модулін пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
HP мобильді кең жолақты модулі компьютерге WLAN желілерімен салыстырғанда WWAN арқылы
Интернетке көбірек орындардан және үлкенірек аймақтардан кіруге мүмкіндік береді. HP мобильді
кең жолақты байланысы, көптеген жағдайларда ұялы байланыс операторы болып табылатын, (ұялы
байланыс операторы деп аталатын) желі қызметінің провайдерін қажет етеді. НР мобильді кең
жолақты желісінің қамту аясы ұялы телефон дауысының қамту аясымен бірдей.
Мобильді желі операторы қызметімен бірге пайдаланғанда, НР мобильді кең жолақты модулі жолда
немесе Wi-Fi жылдам қосылу нүктесінің қамту аясының сыртында болғанда Интернетке қосылу,
электрондық пошта хабарын жіберу немесе корпоративтік желіге қосылу мүмкіндігін береді.
Мобильді байланыстың кең жолақты қызметін іске қосу үшін, HP мобильді байланыстың кең жолақты
желі модулінің IMEI және/немесе MEID нөмірі керек болуы мүмкін.Сериялық нөмір компьютердің
батарея орнындағы жапсырманың үстіне басылған.
Кейбір мобильді желі операторлары SIM картасын пайдалануды талап етеді. SIM картасында жеке
идентификациялық нөмір (PIN), сондай-ақ желі туралы ақпарат сияқты жалпы ақпарат қамтылады.
Кейбір компьютерлердің батарея ұясында SIM алдын ала орнатылады. Егер SIM картасы алдын ала
орнатылмаған болса, ол компьютермен бірге берілетін HP мобильді кең жолақты байланысы
ақпаратының ішінде берілуі немесе мобильді желі операторы оны компьютерден бөлек беруі мүмкін.
SIM картасын салу және шығару туралы ақпарат алу үшін, осы тараудыңSIM картасын салу және
шығару (20-бет) бөлімін қараңыз.
НР мобильді кең жолақты модулі туралы және таңдаулы мобильді желілер операторы арқылы
қызметті іске қосу әдісі туралы мәліметтер алу үшін, компьютерге енгізілген НР мобильді кең жолақты
модулі туралы ақпаратты қараңыз.
SIM картасын салу және шығару
ЕСКЕРТУ: Қосқыштарға зақым келтіруді болдырмау үшін SIM картасын орналастыру кезінде қатты
күш салмаңыз.
SIM картасын салу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз.
1. Компьютерді сөндіріңіз. Компьютердің өшірулі немесе күту күйінде екені белгісіз болса, қуат
түймешігін басып компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз.
2. Дисплейді жабыңыз.
3. Компьютерге жалғанған сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз.
4. Қуат сымын айнымалы ток көзінен ажыратыңыз.
5. Компьютердің сол жағын өзіңізге қаратып бұрыңыз.
6. SIM картасының науасын ашыңыз..
20 3-тарау Желіге қосылу
Comentarios a estos manuales