HP Stream 11 Pro G2 Notebook PC Manual de usuario Pagina 57

  • Descarga
  • Añadir a mis manuales
  • Imprimir
  • Pagina
    / 75
  • Tabla de contenidos
  • MARCADORES
  • Valorado. / 5. Basado en revisión del cliente
Vista de pagina 56
8 Компьютер мен ақпаратты қорғау
Компьютер қауіпсіздігі ақпараттың құпиялылығы, сенімділігі мен қолжетімділігін қорғау үшін өте
маңызды. Windows амалдық жүйесі, HP бағдарламалары, Windows емес Setup Utility (BIOS) құралы
және басқа үшінші тарап бағдарламалық құралдары қамтамасыз ететін стандартты қауіпсіздік
шешімдері компьютерді вирустар, «құрттар» сияқты түрлі қауіп-қатерлерден және зиян келтіретін код
түрлерінен қорғауға көмектесе алады
.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Нұсқаулықтың ішінде сипатталған кейбір мүмкіндіктер компьютеріңізде
болмауы мүмкін.
Компьютер қаупі Қауіпсіздік мүмкіндігі
Компьютерді рұқсатсыз қолдану Қосылғанда сұралатын құпия сөз
Компьютерлік вирустар Вирусқа қарсы бағдарламалық құрал
Деректерге рұқсатсыз кіру Қалқан бағдарламалық құралы
Setup Utility (BIOS) параметрлеріне және жүйені анықтаудың
басқа ақпаратына рұқсатсыз кіру
Әкімші құпиясөзі
Компьютерге төнетін бар немесе келешек қауіптер Бағдарламалық құрал жаңартулары
Windows пайдаланушы жазбасын рұқсатсыз пайдалану Пайдаланушы құпиясөзі
Компьютердің орнын рұқсатсыз ауыстыру Қауіпсіздік кабелінің ұясы
Құпиясөздерді пайдалану
Құпия сөз — компьютер ақпаратын қорғау және қауіпсіз түрде онлайн әрекеттер орындау үшін
таңдалатын таңбалардың тобы. Бірнеше құпиясөз түрін орнатуға болады. Мысалы, компьютерді
бірінші рет орнатқанда, оны қорғауға пайдаланушы құпия сөзін орнату сұралады. Құпия сөздер
Windows жүйесінің немесе компьютерде алдын ала орнатылған НР Setup Utility (BIOS) утилитасында
орнатылады.
Setup Utility (BIOS) мүмкіндігінде де, Windows қауіпсіздік мүмкіндігінде де бір құпия сөзді пайдалануға
болады.
Құпия сөздерді жасау және сақтау үшін төмендегі кеңестерді пайдаланыңыз:
Компьютерге кіруді құлыптау қатерін азайту үшін әр құпия сөзді жазып алып, компьютерден
басқа қауіпсіз жерде сақтаңыз. Құпиясөздерді компьютердегі файлда сақтамаңыз.
Құпия сөздерді жасаған кезде, бағдарлама арқылы орнатылған талаптарды орындаңыз.
Құпиясөздерді кем дегенде үш ай сайын өзгерткен жөн.
Әріптер, тыныс белгілері, таңбалар және сандары бар ұзын құпиясөз мінсіз болып табылады.
Компьютерді қызмет көрсету орталығына жібермес бұрын, құпиялы файлдарды және құпиясөз
параметрлерін жойыңыз.
Экранды қорғағыш сияқты Windows құпия сөздері туралы қосымша ақпаратты алу үшін, бастау
экранына с деп жазып, Справка и поддержка (Анықтама және қолдау) опциясын таңдаңыз.
Құпиясөздерді пайдалану 47
Vista de pagina 56
1 2 ... 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 ... 74 75

Comentarios a estos manuales

Sin comentarios