HP Stream 11 Pro G2 Notebook PC Manual de usuario Pagina 59

  • Descarga
  • Añadir a mis manuales
  • Imprimir
  • Pagina
    / 75
  • Tabla de contenidos
  • MARCADORES
  • Valorado. / 5. Basado en revisión del cliente
Vista de pagina 58
Өзгертулер компьютер қайта іске қосылған кезде күшіне енеді.
Интернет қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бағдарламалық
құралын пайдалану
Компьютерді электрондық пошта жіберу, желіге немесе Интернетке қосылу үшін пайдаланған кезде
компьютерлік вирустар, тыншық бағдарламалар және басқа да онлайн қауіп-қатерлер
компьютеріңізге түсуі мүмкін. Компьютеріңізді қорғау үшін вирусқа қарсы мүмкіндігі және желіаралық
қалқаны бар Интернет қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бағдарламалық құралының сынақ нұсқасы
компьютерде алдын ала орнатылған болуы мүмкін
. Жаңа пайда болған вирустардан және басқа
қауіпсіздік қатерлерінен уақытымен қорғауды қамтамасыз ету үшін вирусқа қарсы бағдарлама
жаңартылып отыруы керек. Компьютерді толығымен қорғау үшін қауіпсіздік бағдарламалық
құралының сынақ нұсқасын толық нұсқаға дейін жаңарту немесе таңдауыңыз бойынша
бағдарламалық құралды сатып алу ұсынылады.
Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды пайдалану
Компьютер вирустары утилиталарды, бағдарламаларды немесе амалдық жүйені өшіріп, олардың
қалыпсыз жұмыс істеуіне әкелуі мүмкін. Вирусқа қарсы бағдарламалық құрал вирустардың көбін
тауып жоя алады, сондай-ақ, көбінесе олардың келтірген зиян салдарын шешеді.
Жаңа пайда болған вирустардан уақытымен қорғауды қамтамасыз ету үшін вирусқа қарсы бағдарлама
жаңартылып отыруы керек.
Компьютеріңізде вирусқа қарсы бағдарлама алдын ала орнатылуы мүмкін. Компьютерді толығымен
қорғау үшін вирусқа қарсы бағдарламаны таңдауыңызға қарай пайдалануға кеңес беріледі.
Компьютер вирустары туралы қосымша ақпаратты алу үшін бастау экранында поддержка (қолдау)
сөзін теріп, HP Support Assistant бағдарламасын таңдаңыз.
Қалқан бағдарламалық құралын пайдалану
Желіаралық қалқан жүйені немесе желіні рұқсатсыз пайдаланудан қорғау үшін жасалған. Желіаралық
қалқан компьютерге және/немесе желіге орнатылатын бағдарламалық құрал немесе аппараттық
және бағдарламалық құралдың екеуін де қорғайтын шешім болуы мүмкін.
Екі түрлі желіаралық қалқанның ішінен таңдауға болады:
Хостқа негізделген желіаралық қалқан — тек орнатылған компьютерді қорғайтын
бағдарламалық құрал.
Желіге негізделген желіаралық қалқандар — DSL немесе кабельдік модемнің және үй желісінің
арасына орнатылып, желідегі барлық компьютерлерді қорғайды.
Желіаралық қалқан орнатылғаннан соң жүйеге және жүйеден жіберілген барлық деректер тексеріліп
пайдаланушы анықтаған қауіпсіздік белгілері бойынша салыстырылады. Осы белгілерге сәйкес
келмейтін кез келген деректер құрсауланады.
Бағдарламалық құрал жаңартуларын орнату
Қауіпсіздік мәселелерін шешу және бағдарламалық құрал жұмысын жақсарту үшін, компьютерге
орнатылған HP компаниясының, Windows амалдық жүйесінің және үшінші тарап бағдарламалық
құралдарын үнемі жаңартып жүріңіз. Қосымша ақпаратты Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту
(44-бет) бөлімінен қараңыз.
Интернет қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бағдарламалық құралын пайдалану 49
Vista de pagina 58
1 2 ... 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 ... 74 75

Comentarios a estos manuales

Sin comentarios