
10 Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне
қайтару және қалпына келтіру
Бұл тарауда келесі үрдістер туралы ақпарат беріледі:
●
Қалпына келтіру дискісін және сақтық көшірмелерді жасау
●
Жүйеңізді бастапқы қалпына келтіру және қалыпқа келтіру
Қалпына келтіру дискісін және сақтық көшірмелерді жасау
1. Компьютерді сәтті орнатқаннан кейін HP қалпына келтіру дискісін жасаңыз. Бұл үрдіс барысында
компьютердегі HP Recovery (НР қалпына келтіру) бөлімінің сақтық көшірмесі жасалады. Қатты
диск зақымданған немесе ауыстырылған жағдайда түпнұсқалық амалдық жүйені қайта орнату
үшін сақтық көшірмені қолдануға болады.
НР жүйені қалпына келтіру құралын жасау (56-бет) бөлімін қараңыз.
2. Windows құралдарын қалпына келтіру нүктелерін жасау және жеке мәліметтердің сақтық
көшірмесін жасау үшін пайдаланыңыз. Қосымша ақпаратты және нұсқауларды алу үшін
Анықтама және қолдау бағдарламасын қараңыз. Бастау экранына справка (анықтама) сөзін
теріп
, одан кейін Справка и поддержка (Анықтама және қолдау) пәрменін таңдаңыз.
НР жүйені қалпына келтіру құралын жасау
HP Recovery Manager — компьютер параметрлерін сәтті орнатқаннан кейін қалпына келтіру құралын
жасау жолын ұсынатын бағдарламалық құрал. HP Recovery құралын қатты диск бүлінген жағдайда
жүйені қалпына келтіру үшін қолдануға болады. Жүйені қалпына келтіру бастапқы амалдық жүйені
және зауытта орнатылған бағдарламалық құралдарды қайта орнатады, одан кейін
бағдарламалардың параметрлерін реттейді. HP Recovery құралын жүйе параметрлерін бейімдеуге
немесе қатты дискіні ауыстырғанда зауыттық кескінді қалпына келтіруге қолдануға болады.
●
НР Қалпына келтіру дискілерінің тек қана бір жинағын жасауға болады. Бұл қалпына келтіру
құралдарын қолданғанда сақ болып, оларды қауіпсіз жерде сақтаңыз.
●
HP Recovery Manager (Қалпына келтіру) қолданбасы компьютерді тексеріп, бос USB флэш
дррайвына қажетті жад көлемін анықтайды.
●
Қалпына келтіру дискілерін жасамай тұрып, компьютердің айнымалы ток көзіне жалғанғанын
тексеріңіз.
●
Дискілерді жасау процесі бір сағат немесе одан да көп уақытты алуы мүмкін. Дискілерді жасау
процесін тоқтатпаңыз.
НР жүйені қалпына келтіру құралын жасау:
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Планшет пайдалану кезінде, келесі әрекеттерді орындамас бұрын пернетақта
қондырмасына тіркеңіз (таңдаулы үлгілерде ғана).
56 10-тарау Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару және қалпына келтіру
Comentarios a estos manuales