●
Батарея зарядының қалған деңгейін және Windows жұмыс үстелінде орналасқан ағымдағы қуат
жоспарын экранда көру үшін, меңзерді қуат көрсеткіші белгішесінің үстінен жүргізіңіз.
●
Қуат параметрлерін пайдалану үшін, қуат көрсеткіші белгішесін басып, тізімнен бір тармақты
таңдаңыз. Бастау экранында параметры питания сөздерін теріңіз, содан Параметры питания
(қуат параметрлері) тармағын таңдаңыз.
Әртүрлі қуат көрсеткішінің белгішелері компьютердің батарея қуатымен немесе сыртқы қуатпен
жұмыс істеп тұрғанын көрсетеді. «Заряд төмен» деңгейіне немесе «Заряд өте төмен» деңгейіне
жеткенде, белгіше хабар шығарады.
Батареяның қуатымен жұмыс істеу
Зарядталған батарея компьютерде болғанда және компьютер сыртқы қуатқа жалғанбаған кезде,
компьютер батарея қуатында жұмыс істейді. Компьютер өшірілгенде және сыртқы қуаттан
ажыратылғанда компьютердегі батарея жайлап таусылады.
Қуатты басқару параметрлеріне, компьютерде ашылған бағдарламаларға, экранның жарықтығына,
компьютерге жалғанған сыртқы құрылғыларға және басқа да себептерге байланысты компьютер
батареясының жұмыс мерзімі әртүрлі болады.
Зауытта пломбаланған батарея
Батареяның күйін бақылау үшін немесе батареяда заряд тұрақтамаса, HP Support Assistant (НР қолдау
көмекшісі) ішіндегі Батареяны тексеру бағдарламасын іске қосыңыз.. Батарея туралы ақпаратты қарау
үшін, бастау экранында поддержка (қолдау) сөзін теріп, HP Support Assistant бағдарламасын таңдап,
Аккумулятор и производительность (Батарея және өнімділік) пәрменін таңдаңыз. Егер батареяны
ауыстыру керектігі Battery Check (Батарея тексеру) бағдарламасы арқылы анықталған болса, НР
қолдау қызметімен хабарласыңыз.
Осы құрылғыдағы батареяны (батареяларды) пайдаланушы арқылы оңай ауыстыруға болмайды.
Батареяны алу немесе ауыстыру кепілдік күшіне әсер етуі мүмкін. Егер батареяның заряды тез бітетін
болса, қолдау қызметімен хабарласыңыз.
Батареяны пайдалану мерзімі аяқталғанда, оны жалпы үй қалдықтарымен бірге қоқысқа тастамаңыз.
Батареяны қоқысқа тастау кезінде, жергілікті заңдарды және аймағыңызда қолданылатын
ережелерді орындаңыз.
Батарея туралы ақпаратты табу
Батареяның күйін бақылау үшін немесе батареяның заряды тез бітетін болса, HP Support Assistant (НР
қолдау көмекшісі) ішінде Battery Check (Батарея тексеру) бағдарламасын іске қосыңыз. Батарея
туралы ақпаратты қарау үшін, бастау экранында поддержка (қолдау) сөзін теріп, HP Support Assistant
бағдарламасын таңдап, Аккумулятор и производительность (Батарея және өнімділік) пәрменін
таңдаңыз.
HP Support Assistant (НР қолдау көмекшісі) бағдарламасы мына құралдармен және батарея туралы
ақпаратпен қамтамасыз етеді:
●
Батареяны тексеру
●
Батареяның түрлері, сипаттамалары, батареяның қызмет ету мерзімдері және сыйымдылығы
туралы ақпарат
Батареяның қуатымен жұмыс істеу 39
Comentarios a estos manuales