
3 Желіге қосылу
Осы компьютермен кез келген жерге саяхаттауға болады. Алайда, компьютер мен сымсыз не сымды
желі байланысын пайдаланып үйде отырып та дүние жүзін шарлап, миллиондаған веб-тораптардың
ақпараттарына қол жеткізуге болады. Осы тараудағы ақпарат әлеммен байланысуға көмектеседі.
Сымсыз желіге қосылу
Сымсыз технология деректерді сым арқылы емес, радио толқындары арқылы тасымалдайды.
Компьютер келесі сымсыз құрылғылардың біреуі немесе бірнешеуімен жабдықталған болуы мүмкін:
●
Сымсыз жергілікті желі (WLAN) құрылғысы—Компьютерлерді корпоративті офистер, үй және
әуежайлар, мейрамханалар, кафелер, қонақ үйлер және университеттер сияқты қоғамдық
орындарда (әдетте, Wi-Fi желілері, сымсыз LAN немесе WLAN деп аталатын) сымсыз жергілікті
желілерге қосады. WLAN желісінде компьютеріңіздегі мобильді сымсыз құрылғы сымсыз жол
жоспарлағышымен немесе сымсыз кіру нүктесімен байланысады.
●
HP мобильді кең жолақты желі модулі (тек таңдаулы үлгілерде) көптеген аймақтарда сымсыз
байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сымсыз ғаламдық желі (WWAN) құрылғысы болып
табылады. Мобильді желі операторлары үлкен географиялық аумақтардың барлық жерінде
бүкіл облыстар, аймақтар немесе тіпті ауылдардың байланыс аясына қамтылуын тиімді
қамтамасыз ететін (ұялы телефон мұнаралары сияқты) базалық станцияларды орнатады.
●
Bluetooth құрылғысы (тек таңдаулы үлгілерде)– компьютерлер, телефондар, принтерлер,
құлақаспаптар, үндеткіштер және камералар сияқты Bluetooth қызметі қосылған басқа
құрылғыларға қосылу үшін жеке аймақ желісін (PAN) жасайды. PAN желісіндегі әр құрылғы басқа
құрылғылармен тікелей байланысады және бұл құрылғылар бір-біріне біршама жақын, әдетте
бір-бірінен 10 метр (шамамен 33 фут) қашықтықта болуы тиіс.
Сымсыз технология, Интернет және желіге қосылу туралы қосымша мәлімет алу үшін, «Анықтама және
қолдау» бөліміндегі ақпаратты және веб-торап сілтемелерін қараңыз. Бастау экранына справка
(анықтама) сөзін теріп, одан кейін Справка и поддержка (Анықтама және қолдау) пәрменін таңдаңыз.
Сымсыз басқару элементтерін пайдалану
Компьютердегі сымсыз құрылғыларды мына мүмкіндіктердің бірін немесе бірнешесін пайдалана
отырып басқаруға болады:
●
Сымсыз байланыс түймесі, сымсыз байланыс қосқышы, сымсыз байланыс пернесі немесе ұшу
режимі пернесі (осы тарауда «сымсыз байланыс түймесі» деп аталады) (тек таңдаулы үлгілерде)
●
Амалдық жүйе басқару элементтері
Сымсыз желіге қосылу 15
Comentarios a estos manuales