
1. Бастау экранынан панель управления (басқару тақтасы) сөзін теріп, одан кейін Панель
управления (Басқару тақтасы) пәрменін таңдаңыз.
2. Оборудование и звук (Аппараттық құрал және дыбыс), одан кейін Звук (Дыбыс) тармақтарын
таңдаңыз.
Бейнені пайдалану
Бұл компьютер таңдаулы веб-тораптардағы ойнатылатын бейнені көруге және желіге қосылмаған
компьютерден тамашалау үшін бейнелер мен фильмдерді жүктеп алуға мүмкіндік беретін қуатты
бейне құрылғысы болып табылады.
Көруге байланысты әрекеттеріңізді жақсарту мақсатында компьютерді сыртқы монитор, проектор
немесе теледидарға қосу үшін, бейне порттардың бірін пайдаланыңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Сыртқы құрылғының дұрыс кабель арқылы компьютердегі дұрыс ұяға қауіпсіз
түрде жалғанғандығына көз жеткізіңіз. Сұрақтарыңыз болса, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын
қараңыз.
Видео құрылғыларын HDMI кабелін пайдалану арқылы қосу
ЕСКЕРТПЕ: HDMI құрылғысын компьютерге жалғау үшін бөлек сатылатын HDMI кабелі қажет
болады.
Компьютер экранындағы кескінді ажыратымдылығы жоғары теледидардан не компьютерден көру
үшін, ажыратымдылығы жоғары құрылғыны келесі нұсқауларға сәйкес жалғаңыз.
1. HDMI кабелінің бір ұшын компьютердегі HDMI портына жалғаңыз.
2. Кабельдің екінші ұшын ажыратымдылығы жоғары теледидарға не мониторға жалғаңыз.
3. Компьютер экранындағы кескінді 4 түрлі көрсету күйіне ауыстырып қосу үшін, f4 пернесін
басыңыз:
●
Тек компьютер: Экрандағы кескінді тек компьютерден көру.
●
Қос: экрандағы кескінді бір уақытта компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен де көру.
●
Кеңейтілген: Экрандағы кескінді компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен көру.
●
Тек сыртқы құрылғы: Экрандағы кескінді сыртқы құрылғыдан көру.
26 4-тарау Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану
Comentarios a estos manuales