
Оң жақ
Бөлік Сипаттама
(1) Қуат шамы
●
Қосулы: компьютер қосулы.
●
Жыпылықтау: қуатты үнемдеу күйі болып табылатын
«Ұйқы күйі» компьютерде қосылған. Компьютер
дисплейдің және басқа да қажет емес құрамдас
бөліктердің қуатын өшіреді.
●
Өшірулі: компьютер өшірулі немесе күту күйінде. Күту
күйі — ең аз мөлшерде қуат тұтынатын қуатты
үнемдеу күйі.
(2) Аудио шығыс (құлақаспап)/Аудио кіріс
(микрофон) ұясы
Токқа қосылатын қосымша стерео үндеткіштер,
құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспаптар, гарнитура
немесе теледидар дыбыс кабелі қосылады. Сонымен қатар,
қосымша гарнитура микрофонын қосады. Бұл ұя қосымша
тек микрофон құрылғыларын қолдамайды.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін,
құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспап немесе
гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз.
Қосымша қауіпсіздік ақпаратын алу үшін, Заңды, қауіпсіздік
және қоршаған орта ескертпелерін қараңыз. Осы
нұсқаулықты ашу үшін, Пуск (Бастау) экранына поддержка
(қолдау) сөзін теріп, HP Support Assistant (HP қолдау
көмекшісі) бағдарламасын таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Құрылғы ұяға қосылған кезде, компьютер
үндеткіштері ажыратылады.
ЕСКЕРТПЕ: Құрылғы кабелінің аудио шығыс (құлақаспап)
және аудио кіріс (микрофон) ұяларының екеуіне сәйкес
келетін 4 сымды қосқышы бар екеніне көз жеткізіңіз.
(3) USB 2.0 порты Пернетақта, тінтуір, сыртқы диск, принтер, сканер немесе
USB хабі сияқты қосымша USB құрылғысы жалғанады.
(4) USB 3.0 порты Пернетақта, тінтуір, сыртқы диск, принтер, сканер немесе
USB хабі сияқты қосымша USB құрылғысы жалғанады.
(5) HDMI порты Ажыратымдылығы жоғары теледидар немесе кез келген
үйлесімді сандық не аудио құрамдас бөлікті немесе жоғары
жылдамдықты HDMI құрылғысы сияқты қосымша бейне
немесе дыбыс құрылғыларын қосады.
6 2-тарау Компьютермен танысу
Comentarios a estos manuales