
Сымсыз байланыс түймешігін пайдалану
Компьютерде сымсыз байланыс түймесі, бір немесе бірнеше сымсыз құрылғылар және кейбір
үлгілерде бір немесе екі сымсыз байланыс шамы бар. Компьютердегі сымсыз құрылғылардың
барлығы зауытта қосылады және компьютеріңіздің сымсыз байланыс шамы болса, ол қосылғанда,
сымсыз байланыс шамы (ақ) жанып тұрады.
Сымсыз байланыс шамы жеке құрылғылардың емес, сымсыз құрылғылардың жалпы қуат күйін
анықтайды. Сымсыз байланыс шамының түсі ақ болса, кемінде бір сымсыз құрылғы қосулы. Сымсыз
байланыс шамының түсі өшірулі болса, барлық сымсыз құрылғылар өшірулі.
ЕСКЕРТПЕ: Кейбір үлгілерде, барлық сымсыз құрылғылар өшірулі болғанда, сымсыз байланыс шамы
сары түсті болады.
Сымсыз құрылғылар зауытта қосылатындықтан, оларды бір уақытта қосу немесе өшіру үшін, сымсыз
байланыс түймешігін пайдалануға болады. Жеке сымсыз құрылғыларды HP Connection Manager
бағдарламалық құралы арқылы басқаруға болады (тек таңдаулы үлгілерде).
Амалдық жүйе басқару элементтерін пайдалану
Желі және ортақ қолдану орталығы қосылымды немесе желіні орнатуға, желіге қосылуға, желі
ақаулықтарын тексеруге және жөндеуге мүмкіндік береді.
Амалдық жүйенің басқару элементтерін пайдалану үшін, Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару
тақтасы) > Сеть и Интернет (Желі және Интернет) > Центр управления сетями и общим доступом
(Желі және ортақтасу орталығы) тармағын таңдаңыз.
1. Бастау экранынан панель управления (басқару тақтасы) сөзін теріп, одан кейін Панель
управления
(Басқару тақтасы) пәрменін таңдаңыз.
2. Сеть и Интернет (Желі және Интернет) пәрменін, одан кейін Центр управления сетями и общим
доступом (Желілер мен ортақ кіруді басқару орталығы) пәрменін таңдаңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін бастау экранында справка (анықтама) сөзін теріп, одан кейін Справка и
поддержка (Анықтама және қолдау) тармағын таңдаңыз.
Мәліметтер мен диск жетектерін ортақ пайдалану және бағдарламалық
құралдарға қатынау
Компьютеріңіз желі құрамында болған кезде, компьютерде сақталатын ақпарат пайдаланумен ғана
шектелмейсіз. Желідегі компьютерлерде бағдарламалық құралдар мен мәліметтерді бірлесіп
пайдалануға болады.
ЕСКЕРТПЕ: Фильмі немесе ойыны бар DVD дискі сияқты диск көшірмелеуден қорғалған болса, оны
ортақ пайдалану мүмкін емес.
Бір желідегі қалталарды немесе мазмұнды бөлісу үшін:
1. Windows жұмыс үстелінде Проводник (Жетектеуші) бағдарламасын ашыңыз.
2. Этот ПК (Осы дербес компьютер) экранындағы ортақ пайдаланғыңыз келетін қалта немесе
мазмұнды таңдаңыз. Экранның жоғары бөлігіндегі шарлау тақтасындағы Поделиться (Бөлісу)
пәрменін таңдаңыз, одан кейін Отдельные люди (Арнайы адамдар) пәрменін таңдаңыз.
3. Общий доступ к файлам (Файлдарды ортақтастыру) жолағына атын теріп, Добавить (Қосу)
түймешігін басыңыз.
4. Общий доступ (Ортақ пайдалану) түймешігін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Бір желідегі дискілерді бөлісу үшін, келесі қадамдарды орындаңыз:
16 3-тарау Желіге қосылу
Comentarios a estos manuales