
Қорғаныс жүйесінің маңызды жаңартуларын орнату
ЕСКЕРТУ: Microsoft маңызды жаңартулардың бар екені туралы ескертеді. Компьютерді қауіпсіздік
бұзудан және компьютер вирустарынан қорғау үшін, ескертулерді алғаннан кейін мүмкіндігінше тез
Microsoft компаниясынан барлық маңызды жаңартуларды орнатыңыз.
Жаңартуладың автоматты орнатылуын таңдау мүмкіндігіңіз бар. Параметрлерді өзгерту үшін Бастау
экранында панель управления (басқару тақтасы) сөзін теріңіз де, Панель управления (Басқару
тақтасы
) тармағын таңдаңыз. Система и безопасность (Жүйе және қауіпсіздік) бөлімін түртіңіз,
Обновления Windows (Windows жаңартулары) тобын, Изменить параметры (Параметрлерді өзгерту)
бөлімін түртіңіз, одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
HP компаниясының және үшінші тарап бағдарламалық құралдарының
жаңартуларын орнату
HP компаниясы компьютерге бастапқыда орнатылған бағдарламалық құралдар мен драйверлерді
үнемі жаңартуға кеңес береді. Ең соңғы нұсқаларды жүктеп алу үшін, http://www.hp.com/support
торабына өтіңіз. Жаңартулардың бар екені туралы ескертулерді автоматты түрде алу үшін тіркелу
қажет.
Компьютер сатып алынғаннан соң үшінші тарап бағдарламалық құралы орнатылған болса,
бағдарламалық құралды үнемі жасап жүріңіз. Бағдарламалық құрал компаниялары қауіпсіздік
мәселелерін шешу және бағдарламалық құрал жұмысын жақсарту үшін өнімдерге жаңартуларды
ұсынады.
Сымсыз желіні қорғау
Сымсыз желіні орнатқан кезде қауіпсіздік функцияларын іске қосыңыз. Қосымша ақпаратты WLAN
жүйесін қорғау (18-бет) бөлімінен қараңыз.
Бағдарламалық құрал қолданбаларының және
мәліметтеріңіздің сақтық көшірмелерін жасау
Бағдарламалық құрал қолданбаларын және мәліметтеріңізді вирус шабуылы салдарынан немесе
бағдарламалық не аппараттық құралдың ақаулығынан жоғалу немесе зақымдау қатерінен қорғау
үшін олардың сақтық көшірмелерін үнемі жасап жүріңіз. Қосымша ақпаратты Сақтық көшірме жасау,
алдыңғы күйіне қайтару және қалпына келтіру (56-бет) бөлімінен қараңыз.
HP Touchpoint Manager бағдарламасын пайдалану (тек
таңдаулы үлгілерде)
HP Touchpoint Manager бағдарламасы бизнес иелеріне компанияның құнды қағаздарын тиімді басқару
және қауіпсіз жерде сақтау мүмкіндігін ұсынатын, бұлтқа негізделген АТ шешім болып табылады. HP
Touchpoint Manager вирус және басқа шабуыл түрлерінен қорғауға көмектеседі, құрылғыны қорғайды
және соңғы пайдаланушының техникалық және қауіпсіздік мәселелерін шешуге жұмсайтын уақытын
үнемдейді. Тұтынушыларға бағдарламаны жылдам жүктеп алу және орнату мүмкіндігі ұсынылған
және бұл шешім дәстүрлі шешімдерге қарағанда құны жағынан әлдеқайда тиімдірек.
50 8-тарау Компьютер мен ақпаратты қорғау
Comentarios a estos manuales