HP Stream 11 Pro G2 Notebook PC Manual de usuario Pagina 67

  • Descarga
  • Añadir a mis manuales
  • Imprimir
  • Pagina
    / 75
  • Tabla de contenidos
  • MARCADORES
  • Valorado. / 5. Basado en revisión del cliente
Vista de pagina 66
1. Бастау экранында восстановление (қалпына келтіру) деп жазып, одан кейін HP Recovery
Manager (НР Қалпына келтіру көмекшісі) пәрменін таңдаңыз.
2. Создать носитель для восстановления системы (Жүйені қалпына келтіру құралын жасау)
пәрменін таңдаңыз, сөйтіп, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Жүйені қалпына келтіру қажет болса, ақпаратты HP Recovery Manager көмегімен қалпына келтіру
(57-бет) бөлімінен қараңыз.
Алдыңғы күйге қайтару және қалпына келтіру
Жүйені қалпына келтірудің бірнеше опциясы бар. Жағдайыңызға ең сәйкес келетін әдіс пен шеберлік
деңгейін таңдаңыз:
Windows жүйесі сақтық көшірмеден қалпына келтіру, компьютерді қалпына келтіру және
компьютерді оның бастапқы қалпына келтіру үшін бірнеше опцияны ұсынады. Қосымша
ақпаратты және нұсқауларды алу үшін Анықтама және қолдау бағдарламасын қараңыз. Бастау
экранына справка (анықтама) сөзін теріп, одан кейін Справка и поддержка (Анықтама және
қолдау) пәрменін таңдаңыз.
Компьютердің бастапқы зауыттық бөлімі мен мазмұнын қалпына келтіру керек болса, HP
Recovery бөліміндегі (тек таңдаулы үлгілерде) немесе бұрын жасалған HP Recovery медиа
құралындағы жүйені қалпына келтіру опциясын таңдауға болады. Қосымша ақпаратты HP
Recovery Manager көмегімен қалпына келтіру (57-бет) бөлімінен қараңыз. Қалпына келтіру
медиа құралы жасалмаған болса, НР жүйені қалпына келтіру құралын жасау (56-бет) бөлімін
қараңыз.
HP Recovery Manager көмегімен қалпына келтіру
HP Recovery Manager бағдарламалық құралы компьютерді жасалған HP Recovery медиа құралы немесе
HP Recovery бөлімі (тек таңдаулы үлгілерде) көмегімен бастапқы зауыттық күйіне келтіруге мүмкіндік
береді. Қалпына келтіру медиа құралы жасалмаған болса, НР жүйені қалпына келтіру құралын жасау
(56-бет) бөлімін қараңыз.
HP Recovery медиа құралының көмегімен төмендегі қалпына келтіру опцияларының бірін таңдауға
болады:
System Recovery (Жүйені қалпына келтіру): түпнұсқалық амалдық жүйені қайта орнатады, одан
кейін зауытта орнатылған бағдарламалар үшін параметрлерді реттейді.
HP Recovery бөлімі (тек таңдаулы үлгілерде) Жүйені қалпына келтіру мүмкіндігін береді.
Мынаны білгеніңіз жөн
HP Recovery Manager бағдарламалық құралы тек зауытта орнатылған бағдарламалық
құралдарды қалпына келтіреді. Осы компьютермен қамтамасыз етілмеген бағдарламалық
құралдарды өндірушінің веб-торабынан жүктеу немесе өндіруші қамтамасыз еткен дискіден
қайта орнату қажет.
HP Recovery Manager құралы арқылы қалпына келтіруді компьютер мәселелерін шешудің ең
соңғы әрекеті ретінде пайдаланған жөн.
HP Recovery құралы компьютердің қатты дискісінде ақау болғанда қолданылуы керек. Қалпына
келтіру медиа құралы жасалмаған болса, НР жүйені қалпына келтіру құралын жасау (56-бет)
бөлімін қараңыз.
HP Recovery медиа құралы жұмыс істемесе, жүйенің қалпына келтіру құралдарын қолдау
қызметінен алуға болады. Осы компьютермен жабдықталған Worldwide Telephone Numbers (әлем
Алдыңғы күйге қайтару және қалпына келтіру 57
Vista de pagina 66
1 2 ... 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75

Comentarios a estos manuales

Sin comentarios